Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет10/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

2. Шекті талдау
Бұл әдіс экономикалық іс-қимылдың өзгерістерін 
зерттейді, экономикалық субъектілер өз мақсаттарына жетуі барысын-
да іске асырған шығындарын табыстарымен салыстырып отырады, 
яғни олар іс-әрекеттері (игіліктерді өндіру, оларды сату және сатып алу) 
нәтижесінде қосымша шығындары қосымша алынатын табыстарына 
тең болғанға дейін өз пайдаларын және пайдалылықтарын мейлінше 
арттыра береді.
3. Функционалдық талдау. 
Бұл әдісте алдымен зерттеліп отырған 
құбылыстың типтік сипаты, содан кейін осы құбылыстың сипатына 
әсер ететін факторлар анықталады. Зерттеліп отырған құбылыс пен 
оған әсер ететін факторлар арасындағы өзара байланыс функция 
арқылы түсіндіріледі. Функциялық шама өзгермелі болып табылады, 
яғни ол шама оған әсер ететін факторлар арқылы өзінің нәтижесін 
өзгертеді. Мысалы, егер у х-тің функциясы болып табылса, онда ол 
былай жазылады: у = 
f
(
x
), мұнда у – х-тің функциясы болса, ал х – 
функцияның агрументі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет