Орындаған: Санақ Айгерім
Корреляциялық
талдау.
Бравэ Пирсонның сызықтық корреляция коэффициенті
Корреляциялық талдау
«Корреляция» термині өзара байланыс, өзара тәуелділік мағынасын білдіреді. Корреляция туралы айтқанда "корреляциялық байланыс" термині қатар қолданылады.
Корреляциялық байланыс – бұл екі белгінің немесе бірнеше белгінің (көпмүшелі корреляциялық байланыс) бір – бірімен сәйкестене өзгеруі.
Корреляциялық талдау Х және кездейсоқ шамаларының арасындағы байланыстың дәрежесін анықтаумен айналысады.
Екі кездейсоқ шамалар үшін тәжірибе нәтижесінде алынған деректердің корреляциялық талдауы мынадай негізгі тәсілдерді қарастырады:
1. Корреляциялық таңдама коэффициентін есептеу.
2. Корреляциялық кесте құру.
3. Байланыс мәнділігі жөніндегі статистикалық жорамалды тексеру.
Анықтама. Егер және регрессия функцияларының екеуі де сызықтық болса, онда Х және кездейсоқ шамаларының арасындағы корреляциялық тәуелділік сызықтық корреляция деп аталады.
Регрессия дегеніміз – бір тәуелді айнымалы (әдетте Y арқылы белгіленеді) және басқа айнымалылар қатары (тәуелсіз айнымалылар деп аталатын) арасындағы байланыстың күші мен сипатын анықтауға тырысатын қаржы, инвестициялау және басқа пәндерде қолданылатын статистикалық әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |