Корреляциялық талдау


Функционалдық және корреляциялық тәуелділіктер



бет2/5
Дата13.12.2021
өлшемі2,7 Mb.
#125700
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация (1)

Функционалдық және корреляциялық тәуелділіктер 

    Статистикада қоғамдық құбылыстар пен процестердің арасындағы өзара байланысты анықтамай тұрып алдымен сол өзгеріске әсерін тигізетін факторлары мен нәтижелі белгілері арасындағы тәуелділікті анықтайды. Оның өзі құбылыстың ерекшелігіне қарай функционалдық және корреляциялық байланыс болып екі түрге бөлінеді. 

    Функционалдық байланыс деп бір белгі мәнінің өзгеруіне әсерін тигізетін екінші бір белгінің сәйкес келуін, яғни бір факторлы белгінің өзгерісі салдарынан нәтижелі белгі мәнінің өзгеруін айтады.

    y=f(xi) мұнда y-нәтижелі белгі, xi-факторлық белгі,  f(xi) осы екі белгі арасындағы функционалдық байланыс.

    Қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әртүрлі кездейсоқ факторлардың әсер етуін корреляциялық байланыс деп айтады. Статистикада корреляциялық байланыс деп нәтижелі және факторлы белгілер арасындағы сәйкестіктің болмауын айтады.

     yi=f(xi)+Еі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет