5.3. Инфрақұрылым және нарықтық инфрақұрылым Инфрақұрылым – бұл қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі
үшін фирмалардың қызметіне және тұрғындардың өмір-тіршілігіне
әсер ететін шаруашылық ұйымдарының және коммерциялық емес
мекемелердің кешенді жүйесі.
Экономикада инфрақұрылымның мынадай түрлері қалыптасқан:
1. Өндірістік инфрақұрылым – бұл өндірістік қызметтер мен
халық шаруашылығындағы экономикалық айналымды қамтамасыз
ететін салалар мен салаішілік салалардың жиынтығы. Өндірістік
инфрақұрылымның құрамына өндіріске қызмет көрсететін көліктер-
дің барлық түрлері, өндіріске қызмет көрсететін байланыс құралдары,
87
материалдық-техникалық жабдықтау, тауарлар қозғалысының жүйесі,
ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және өткізу, электр қуатының
объектілері, т.б. кіреді. Инфрақұрылымның бұл түрі қоғамдық
өндірістің тиімді жұмыс істеуі мен оны орналастыру үшін жалпы
жағдайлар жасайды.