ФИРМА ТЕОРИЯСЫ. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
НЕГІЗДЕРІ
Мақсаты:
фирманың теориялық бағыттарын зерттеу және
кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандарын, сонымен қатар,
Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын қарастыру.
Талқылау сұрақтары:
7.1. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары;
7.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары;
7.3. Кәсіпкерлік капитал. Толық айналым және ауыспалы айна-
лым. Инвестициялар;
7.4. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы.
Негізгі ұғымдар:
фирма, кәсіпорын, бизнес, кәсіпкерлік, жеке
кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам, капитал айналымы,
ауыспалы айналым, толық айналым, инвестиция, амортизация,
материалдық тозу, сапалық тозу, т.б.
7.1. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық
бағыттары
Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерция-
лық қызметпен айналысатын шаруашылық құрылымдар-дың
атауын белгілеу үшін қолданылады.
Фирма
деп өзінің мүліктік
жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына
мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар
шаруашылық бірлікті айтады.
Экономикалық теорияда фирманың бірнеше теориялық бағыттары
бар.
Достарыңызбен бөлісу: |