Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет242/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Акционерлік қоғам
– бұл жарғылық капиталы белгілі бір 
үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. 
Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық 
акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда 
акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда 


135
акциялары құрылтайшылары арасында сатылатын, акциялардың құны 
басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі. 
Ұйымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары: 
1. Концерн
– көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп 
саласындағы корпорацияның кең тараған формасы. 
2. Ассоциация
– экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті 
бірлестігі. Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық
өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
3. Консорциум
– ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен 
кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат
– бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель
– тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, 
өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.
6. Трест
– белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі 
монополисттік бірлестік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет