пайыз деп атайды. Ақшалай капиталға
сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік
пайыз пайда болады.
Несие пайызы – бұл белгілі бір уақыт
аралығында капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін
төлейтін бағасы.
Нарықтық қатынастардың қалыпты жағдайында несие пайызы
мөлшерлемесі (r) төмендегенде капиталға сұраныс көлемі (K) артады
және керісінше, несиелік пайыз жоғарылағанда фирмалар қарыз алуды
қысқартады. Олай болса, капиталға сұраныс қисығы теріс көлбеулі
болып табылады (9.5 a-сурет). Үй шаруашылықтары банктің салым
бойынша пайыз мөлшерлемесі жоғары болғанда капитал ұсынысын
арттырады және керісінше, салым бойынша пайыз төмен болған
жағдайда олар банкке ақша салуды төмендетеді. Демек, капиталдың
ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып келеді (9.5 ә-сурет).