ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Тәрбие теориясы пәні бойынша университеттерге арналған типтік бағдарлама мазмҧны



бет49/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Тәрбие теориясы пәні бойынша университеттерге арналған типтік бағдарлама мазмҧны


Философиялық тұрғыдан мазмұн тұтастың анықтаушы жағы болып табылады. Объектісінің құрамдас элементтерінің, оның қасиеттерінің, ішкі үрдістерінің, байланыстарының, қайшылықтарының және бағыттарының бірлігі. Тәрбие мазмұны оның жалпы мақсатын, міндеттерін және жақтарын бірлікте қамтып кӛрсетеді. Ол әр түрлі формалар мен әдістерді қолдану арқылы тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Тәрбие мазмұны – тұлғаның білімін, іскерлігін, дағдысын, кӛзқарасы мен сенімін, сапалары мен белгілерін, мінез-құлықтың тұрақты әдеттер жүйесін кӛрсетеді, оларды меңгеру қажет және олар қойылған мақсат пен міндетке сәйкес болуы керек.

Тәрбие теориясын оқытуда оқытушы жалпы тәрбие жұмысының негізіне салынған идеалға сүйенеді: «үйлесімді дамыған, қоғамдық белсенді тұлғаны жан-жақты дамыту және

қалыптастыру». Осы идеяны жүзеге асыруда тәрбие теориясы ғылыми білімнің салаларына этикаға, эстетикаға, дене тәрбиесінің теориясына сүйенеді.

Қоғамдағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында қазіргі жалпы орта мектеп педагогінің іс-әрекеті жаңа мазмұнмен толықтырылуда. Жалпы орта білім беретін мектеп алдында тұрған күрделі міндеттерді шешу үшін болашақ педагогтарды кәсіби даярлауды жетілдіру қажет. Мұнда «Тәрбие теориясы» курсының орны ерекше. Бұл курс бакалаврларды жаңа педагогикалық ойлауға бағыттайды. Курстың мазмұны білім алушы тұлғасын жалпы орта мектептегі педагогикалық үрдістің обьекті және субьекті ретінде қарастыратын демократиялық және ізгіліктік дәстүрде құрылған. Мұнда жалпы азаматтық құндылықтар мен Қазақстан Республикасының ұлттық-мәдени ерекшеліктері ескерілген.



Курстың мақсаты: бакалаврларды тәрбиенің ғылыми негіздерімен қаруландыру.

Болашақ педагогтар бұл курсты:

кәсіби ойлау мен әрекет жасауды үйрену;

тәрбиенің теориялық негіздерін меңгеру;

жалпы орта мектеп білім алушысы тұлғасын қалыптастырудың мәні мен негізгі жолдарымен;

тұтас педагогикалық үрісте жалпы орта мектеп білім алушыларын тәрбиелеу мазмұнымен;

тәрбиенің заңдылықтары, принциптері, әдістері, құралдары және формаларымен;

жалпы орта мектепте балалар ұжымының мәні және даму сатыларымен танысу үшін оқиды.



«Тәрбие теориясы» курсының мазмҧны теориялық негіздемені, тәрбие үрдісіне мазмұнды сипаттаманы, тәрбиенің заңдылықтары, принциптері, әдістері, құралдары мен формаларын, тәрбиенің жаңа технологияларын балалар ұжымының дамуын қамтиды.

Курсты оқу оқытудың ақпараттық-дамытушы, проблемалық- ізденіс, репродуктивті және шығармашылық-репродутивті әдістерін пайдалана отырып, дәріс, семинар, студенттің оқытушымен ӛзіндік жұмысы барысында жүзеге асады.



Ақпараттық-дамытушы: дәріс, әңгіме, түсіндіру, оқу фильмдерін демонстрациялау, педагогикалық әдебиеттермен ӛз бетіндік жұмыс, білім беру бағдарламаларымен ӛз бетімен жұмыс.

Проблемалық ізденіс әдістері: оқу материалын проблемалық баяндау мен әңгіме, пікірталас, зерттеу жұмысы , шағын топтардағы студенттердің ұжымдық ойлау іс-әрекеті, зертханалық ізденіс жұмыстар.

Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау (ауызша айтып беру), үлгіге байланысты тапсырмаларды орындау.

Шығармашылық-репродуктивті әдістер: педагогикалық тапсырмаларға шығармашылық шығарма мен эссе жазу, кестелер мен сызбалар құрастыру, педагогикалық жағдайяттарды талдау, іскерлік ойындар, педагогикалық міндеттерді шешу.

Студенттердің ӛзіндік жұмыстарының формалары: педагогикалық сӛздік жүргізу, түп деректерді конспектілеу, аннотациялау, рефераттар дайындау, педагогикалық әдебиеттерді рецензиялау.

Тәрбие теориясын оқу тест қабылдаумен аяқталады.

Сонымен ӛз дәрежесінде және жақсы ұйымдастырылған тәрбие адамды ӛмірдегі үш негізгі қызметке, яғни азаматтыққа, іскер қызметкер болуға және үлгілі отбасылық адам болуға дайындайды. Осымен байланысты бүгінде оқу орынындағы тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік ӛркениетті елдердегі психология, педагогика, физиология ғылым жетістіктерімен, оқытудың және тәрбие ісінің жаңа технологиясы талаптарына сай етіп, қайта ойластырудың қажеттілігі туындауда.



    1. Тәрбие теориясы мен әдістерінің мәселелері


Бүгінгі таңдағы тәрбиелеу теориясының кӛкейкесті мәселелері ретінде мыналарды атауға болады: қазіргі тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін анықтау; тәрбиенің объективті заңдылықтарын анықтау және оның негізде педагогикалық практиканы жетілдіру; қазіргі жағдайдағы тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістерін және формаларын анықтау; тәрбие теориясының басқа ғылымдар салаларымен пәнаралық ӛзара әрекетін тереңдету; ізгіліктік тәрбиенің педагогикалық технологияларын жасау және тәрбиелеу практикасына енгізу; тәрбиелік жұмыстың озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату, т.б.

Тәрбие теориясының сұрақтарын меңгеру әдетте қиын болып келеді. Негізгі міндет – осы сұрақтарды оқытудың ғылыми деңгейін сақтай отырып, оны меңгерудің тиімді жолдарын табу. Ол үшін

оқытуға және меңгеруге қажетті сұрақтар шеңберін, құрылған жоспар бойынша жүру, түрлі әдіс-тәсіл мен құралдарды пайдалану керек.

Оқулықтарды, оқытушылардың тәжірибелерін зерттей келе мынадай негізгі тақырыптар мен сұрақтар таңдалады:

-тәрбие теориясының пәнінің анықталуы;

-тәрбие теориясының мәнін, оның заңдылықтары мен принциптерін ашу;

-тәрбие әдістерін жекелеп оқыту, олардың тәрбие процесінде қолданылуы.

Тәрбие теориясы педагогиканың бір саласы. Ол тәрбие үрдісінің мәнін, оның заңдылықтары мен принциптерін зерттейді, жас ұрпақты тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін белгілейді.

Тәрбие процесі – бұл арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбие теориясында оқыту процесінде тәрбиелеумен қатар, оқудан тыс кезеңдегі тәрбиеге де кӛп кӛңіл бӛлінеді.

Тәрбие теориясындағы тәрбие процесін зерттеуге ең алғаш кӛңіл бӛлген Н.К.Крупская. Ол «Тәрбие» ұғымының кең және тар мағынасын ұсынған. Тар мағынасындағы тәрбие – бұл, «білім алушылар және жасӛспірімдер әрекетіне ересек адамдардың жоспарланған, жүйелі ықпал етуі». Осы идеяларды дамыта отырып, А.С.Макаренко теорияға «тәрбие үрдісі» ұғымын енгізеді. Оның сипаттамаларын белгілейді.

1.Тәрбиенің іс-әрекеттік сипатта болуы. 2.Тәрбиенің дамуы мен ӛзгеруі.

3.Қарам-қайшылықты сипаты. 4.Басқарылуы.



Тәрбиенің жалпы әдістері

Әдіс дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, тәсілі, айласы. Тәрбиелеу әдістері – тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің ӛзара байланыстағы іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталған.

Тәрбие тәсілі, амалы – жалпы әдістің бӛлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты жақсарту. Тәсілдер, әдетте, әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, мадақтау тәсілдері – мақұлдау, мақтау, сыйлық беру; сендіру, нандыру тәсілдері – иландыру, түсіндіру, баяндамалар; жазалау тәсілдері – ескерту, айыптау, сӛгіс, т.б.

Тәрбие кұралдары – іс-әрекеттің түрлері, кӛрнекі құралдар, кӛптеген коммуникация кұралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (педагог, ата-ана, ересек адамдардың сӛзі, олардың ӛнегесі т.б.) жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуын басқаруды қамтамасыз ету – тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалану, яғни тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін практика кӛрсетіп отыр. Тәрбие құралдары – бұл тәрбиелеу тәсілдерінің жиынтығы. Мысалы, еңбек – тәрбие құралы, ал еңбекті кӛрсету, бағалау, жұмыстағы қателіктерді кӛрсету тәсілдер болады.

Әдістердің жіктелуі – бұл анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктеуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін анық кӛріп, танып қоймай, ол әр түрлі әдістердің ӛзіне тән белгілерін, орнын жақсы түсінеді.

Кез-келген әдістің жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, себебі әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі әлі анық емес.

Қазіргі кезде жіктелудің негізіне кіріктіруге бағдарлы сипаттама алынуда. Ол ӛзіне тәрбиелеу әдісінің мақсаттық, мазмұндық және процессуалдық жақтарын бірлікте енгізеді. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бӛлуге болады:


  1. Тұлғаның санасын (ұғымын, түсінігін, пікірін, нанымын, баға беру) қальптгастыру әдістері баяндау, түсіндіру, дәріс, иландыру, пікірталас, ӛнеге, баяндама, әңгіме;

  2. Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін (іскерлік, дағды, әдет, ерік, мінез) қалыптастыру әдістері – жаттығу, үйрету, педагогикалық талап, коғамдык пікір, тапсырма, тәрбиелеушілік жағдаяттар.

  3. Іс-әрекетті және мінез-құлықты ынталандыру әдістері жарыс, мадақтау, жазалау.

Тәжірибеде үнемі тұратын міндет – әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын таңдау. Тиімді әдіс ретінде қойылған мақсатқа кӛп күш-қуат жұмсамай жетуге мүмкіндік беретін неғұрлым пайдалы жолды атаймыз.

Тәрбиелеу әдісін таңдауды анықтайтын жалпы жағдайлар: тәрбиенің мақсаттары және міндеттері, мазмұны; тәрбиеленушілердің жастық ерекшеліктері; ұжымның қалыптасқан деңгейі; тәрбиеленушінің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері; тәрбиелеудің

жағдайы; оқытушының педагогикалық шеберлігінін деңгейі; тәрбиелеу уақыты; күтілетін нәтиже, қорытындылар.

Тәрбиелік жағдайлар туғызу мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сәйкес тәрбиеленушінің әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу әдісі.

Тәрбие құралдары тәрбие іс-әрекетін жүзеге асыруға кӛмектесетін заттар. Тәрбие тәсілдері жалпы әдістің бӛлігі.

Еліктеуге негізделген тәрбие әдісі – оң үлгі-ӛнеге.



Тҧлғаның санасын (ҧғымдарын, тҥсінігін, пікірін, баға беру, нанымын) қалыптастыру әдістері.

Кӛзқарастарды, ұғымдарды, сенімдерді қалыптастыру үшін тұлғаның санасып калыптастыру әдістері деп жалпы атпен аталатын әдістер қолданылады.

Этика тақырыбындағы баяндау – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғаларды эмоционалды түрде айтып беру. Түсіндіру – білім алушыға эмоционалды-сӛзді әсер әдісі. Оқу орыны тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді. Түсіндіру білім алушыға адамдардың қатынасын және мінез-кұлқын дұрыс бағалау икемділігін қалыптастыруға кӛмектесуі керек.

Сендіру білім алушыға белгілі бір шешім қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру әдісі дегеніміз – білім алушылардың санасына, сезіміне, мінез-құлкына әсер ету. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін қолданылады.

Иландыру ӛтінішті түсіндірумен және сендірумен қатар қолдану арқылы жүзеге асырылады. Иландырудың тиімділігі педагогтың беделіне кӛп байланысты. Иландыру ӛз мақсатына жету үшін білім алушының жақсы жақтарға сүйеніп, мақтауды қолданып, абыройына сұраныс жасаған дұрыс.



Әңгіме педагог пен білім алушының пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі әрі бірізді әдіс түрі. Әңгіме мақсаты – білім алушыларда адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік кӛзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.

Әңгіме-кеңес тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде әртурлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, кӛзқарастар қалыптастырады. Әңгіменің нәтижелі болуы әңгіменің

ӛзектілігі мен қызықтылығына байланысты. Әңгімені ҧйымдастырудың шарттары:



  1. Әңгіменің проблемалық болғаны маңызды. Педагог білім алушыларды үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты олардың ӛздерінің табуына кӛмектеседі.

  2. Әңгіме алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий бойынша жүрмеуі тиіс. Білім алушыларға ӛз ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалардың ойларын сыйлауға, оған дұрыс кӛзқарас нышанымен қарауға үйрету керек.

  3. Әңгімені дәріске айналдыруға болмайды.

  4. Әңгіме құралдары тәрбиеленушілердің эмоиионалды тәжірибесіне жақын болғаны абзал.

  5. Әңгіме кезінде барлық кӛзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор.

  6. Әңгімеге дұрыс жетекшілік жасау – тәрбиелеушінің оңды шешімге ӛз бетімен келуіне арқау болу.

Пікірталас – бұл білім алушылардың пайымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша білім алушы ӛзінің кӛзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа педагог пен білім алушылар бірдей дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрын хабарланадырылады. Пікірталас білім алушыларды қателіктермен жалпы кӛзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда, ол білім алушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың соңында басқарушы білім алушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.

Ӛнеге – ӛте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа негізделеді: кӛру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты тұлғаларды, саяси майталмандарды т.б. ӛнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие. Ӛнегенің психологиялық негізі - еліктеу. Оның арқасында білім алушылар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақтайды.

Айта кету керек, педагогтың ӛз ӛнегесін, білім алушыларға қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі

тәрбиенің дұрыс жүргізілуіне әсерін тигізеді. Педагогтың ӛз тұлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі және бірізді әрекет жасаса, ӛзін ӛнеге етудің оңды әсері ұлғая түседі.



Іс-әрекеттерді ҧйымдастыру және қоғамдық мінез-қҧлық тәжірибесін (іскерлік, дағды, әдет, ерік, мінез т.б.) қалыптастыру әдістері.

Тұлғаның тәрбиелілігін тек қана сӛзі емес, сонымен бірге істеген ісі, қылығы сипаттайды. Білім алушылардың іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдайат, тапсырма.

Талап – мінез-құлық нормасының кӛрінісі, білім алушыларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежеу қызметтері бар. Ынталандыру қызметі – бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежеу – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату. Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бӛлінеді: 1) тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, ӛтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап - кеңес; 4) ойын-талап;



  1. сенім арқылы талап; 6) талап-ӛтініш;7) талап-ишара; 8) талап- қуаттау; 9) жағымды және жағымсыз, мысалы қорқыту.

Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап нақты міндет, оны іс-әрекет үрдісінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі - бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі мен күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтың тірегі.

Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез-құлық нормасына сәйкес білім алушыларды қажетті дағдыға, әдетке тӛселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, білім алушының ӛз-ӛзін тәрбиелеуі, уақыт жоспарлауы, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.

Үйрету әдісі білім алушының орындағыштық, сыпайылық (инабаттылык), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыпттастырады. Білім алушылардың ӛмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі ӛзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске ӛте жақын – жаттықтыру әдісі.

Жаттықтыру әдісі – бұл әр түрлі жағдаяттарда білім алушылардың моральдық нормалар мен тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүддесімен, талаптарымен үндесуі қажет. Мысалы, кез келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау білім



алушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Білім алушылардың ӛндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.

Үйрету және жаттыктыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау кӛрсету, машықтандыру, тапсырма.

Жаттығу нәтижесінің ұғынықты болуы мына жағдайларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесіне; 2) мазмұнына; 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) кӛлеміне; 5) қайталау жиелігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) білім алушының ӛзіндік ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жатттығулардың үйлесімділігіне; 9) жаттығудың мотивтік негізі мен ынталандыру жұмыстарына.

Педагог ситуация арқылы жеке адамның жағымды әрекеттері мен қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай жасайды. Ӛз еркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні ӛте зор. Мысалы екінші адамға бұрын орын беру немесе үндемей қалу, шынын айту немесе жалған сӛйлеу т.б. Мұндай ситуацияларда тірбиеленушілер кӛп ойланып толғанып барып белгілі бір іс-әрекет жасайды.

Іс-әрекетті және мінез-қҧлықты ынталандыру әдістері.

Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері – жарыс, жазалау, мадақтау, марапаттау. Мадақтау мен жазалау әдістері білім алушылардың оқу орнындағы іс-қимылы мен әркеттерін мақұлдау немесе айыптау үшін, үлгілі тәртіпті ынталандыру немесе нашар тәртіпті тежеу үшін қолданылады. Кӛтермелеу білім алушының мінезі мен тәртібіндегі жақсы қасиеттерді дамытуға және бекітуге ықпал жасайды. Жақсы бағалаған кезде білім алушы қанағаттану сезіміне бӛленеді.

Мадақтау – бұл білім алушының жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Оның түрлері: құрметті міндеттер тапсыру (лаборанттық, оқытушы ассистенті т.б.), кӛтермелеу сыйлықтары, құрмет және мақтау грамоталары, ұжымдык және жеке алғыс, арнаулы шәкіртақылар, т.б. Ынталандыру дегеніміз жағымды әрекетті ынталандыру мақсатындағы тәрбиелеушіге педагогикалық әсер ету жолдары.

Мадақтауды қолдану талаптарының бірі – ұжымның пікірін ескеру. Мадақтау әдісі әдептілік пен нақты мӛлшерді сақтауды

талап етеді. Ең алдымен мадақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мадақтау әдісі мына жағдайда нәтижелі болады:


    1. білім алушылардың мақтау алуға іштей сенімді талпыныстарының болуы;

    2. мақтау арқылы білім алушыны ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау;

    3. мақтаудың қылық-ісіне сай болуы;

    4. мақтау арқылы білім алушыға жекелей шешім табуды үйрету;

    5. мактаудың шындыққа негізделуі.

Жазалау білім алушылардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын ынталандыру әдісі. Жазалау – қате қылықты ескеріп тежеу, ӛз ар- ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс.

Жазалаудың мынадай түрлері белгілі: педагогтың ескертуі; білім алушыны аудиориядан шығарып жіберу; ауызша және жазбаша сӛгіс; қосымша тапсырмалар беру; белгілі бір құқығынан айыру немесе уакытша моральдық кемшілігін таныту; оқудан шығару (оқуға байланысты болмаса).

Педагогикалық талаптар ішінде жазалау әдісінің нәтижелі болуының негізгі шарттары мыналар:



  1. жазаның ұжым тарапынан туындауы;

  2. жазаның нақты болуы;

  3. жазаның міндетгі түрде орындалуы;

  4. білім алушының не үшін жазаланғанын түсінуі;

  5. тәрбиеленушінің жеке тұлғасын масқаралаудан аулақ болу;

  6. жазалау мақсатының тек ұнамды қасиеттерді баулуға бағытталуы;

  7. жазаның қате қылықтары толық түсіну негізінде орындалуы;

  8. жазаның ӛш алу құралы ретінде болмауы;

  9. жазалаудың жеке білім алушыға бағытталуы;

  10. студенттердің дара психологиясын біліп барып жазалау.

Дамыған елдерде барған сайын жоғары оқу орындарының оқыту мен тәрбиесі унитарлық сипатқа ие болып, бірбасты мақсатқа – оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс табу, ӛмір сүру үшін қаржы табуға тәуелді болып барады. Білім алушыларға тәрбиесіз болудың теріс жақтарын сезіндіретін жағдайларды тудыру ынталандырудың субъективтік-прагматикалық әдісі деп аталады. Оның мәні – тәрбиелеу дәрежесінің нашар болуы, қоғамдық тәртіпсіздіктің

экономикалық тұрғыда зиянды екендігіне кӛздерін жеткізу. Субъективтік-прагматикалық әдістің нақты түрлері мыналар:



  1. Контрактілер, оны педагогтар мен білім алушылар жасайды, онда екі жақтың міндеттері анық кӛрсетіледі;

  2. Ӛзін-ӛзі жетілдірудің жеке карточкасын оқытушылар мен студенттердің бірлесіп құруы;

  3. Қызығушылық бойынша сараланған топтар құру, онда білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақылы да болуы мүмкін;

  4. Мониторинг – білім алушылардың іс-әрекетін, дамуын т.б. үздіксіз бақылау, сол арқылы жеке дамуының бағытын, «тағдыр сценарийін» т.б. анықтау;

  5. Тестілер арқылы тәрбиелік, әлеуметтік дамуын, бағытын, азаматтық кӛзқарасын анықтау, алынған нәтижені сайыстар, іскерлік ойындар, жарыстар, байқаулар, т.б. арқылы тексеріп отыру;

  6. Айыппұл салу арқылы жазалауды, яғни теріс іс-әрекетін ақшалай ӛтету, құқық және ерік ауқымын азайту т.б.

Жарыс – іс-әрекетті ынталандыру әдісі болы табылады. Жарыс

– адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде білім алушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарыс әдісі ӛз нәтижесін басқалардың нәтижелерімен салыстыра отырып тұлға қасиеттерін калыптастыру және бекіту жолы. Жарысты ұйымдастыру барысында білім алушылардың психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру кажет: 1) жарысты белгілі максатқа орай ұйымдастыра білу; 2) жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын анықтау.

Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу – ӛзінде белгілі бір қасиеттерді дамытуға бағытталған адамның саналы іс-әрекеті. Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу – тұлғаның ӛзінде меншікті құлықтық (адамгершілік) қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған саналы іс-әрекет. Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу процесінің кезеңдері мақсатты анықтау, белгіленген жұмысты орындау, жұмыс қорытындыларын жинақтау. Қайта тәрбиелеу – этикалық нормаларға қарама-қайшы келетін кӛзқарастар мен мінез- құлық түрлерін игерту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет