Тітіркендіргіш әсерлі газдар.
Азот тотығы (нитрогаздар) әр түрлі азот тотықтарының (азот тотығы - NO, азоттың қос тотығы – NO2, азот ангидриді – N2O3) қоспасы болып табылады. Бұл газдардың көздеріне азот қышқылы, құрамында азоты бар тыңайтқыштар, күкірт, қымыздық қышқылдарының, анилин бояуларының, жарылғыш заттардың өндірісі, өнеркәсіптің металлургия және мұнай өңдеу салалары, электрлік дәнекерлеу жұмыстары және т.б. жатады. Ағзаға азот тоықтары ингаляциялық жолмен түседі. Клиникалық көрінісі қоспада қандай газдың басым болуымен анықталады. Барлық нитрогаздар төменгі тыныс жолдарының шырышты қабығын және өкпе тінін тітіркендіретін әсері бар, бұл кезде жоғарғы тыныс жолдары аз зақымдалады және азот тоықтарымен дем алу ешқандай айқын сезінулер тудырмайды. Уланудың бірінші белгілері нитрогаздардың жоғары концентрацияларымен дем алғанан кейін бірнеше сағат өткеннен соң дамиды («алдамшы саулық» кезеңі). Қатты жөтел, тұншығу, ентігу пайда болады, ауыр жағдайларда – бронхопневмония және жиі өлімге алып келетін уланудан болатын өкпенің сулы ісінуі дамиды. Азоттың қос тотығы ең қауіптісі болып табылады, себебі ол азотты және таза азот қышқылына айланып тыныс жолдарының шырышты қабығын күйдіретін әсер береді және дамитын өкпенің сулы ісінуінің себебі болып табылады. Азот тотығының метгемоглобин түзуші әсері бар, бұл аноксемия дамуына, артериалды қысымның төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайының бұзылуына әкеп соғады. Нитрогаздардың жедел әсері жүректе ишемиялық құбылыстар, миокардта дегенеративті өзгерістерді тудырады.
Аз концентрацияларында ұзақ уақыт әсер етуі созылмалы уланулар дамуына әкеп соғады, оның негізгі көріністеріне жоғарғы тыныс жолдарының қабыну аурулары, бронхиттер, уланудан дамыған пневмосклероз, тістердің бұзылуы жатады. Сирек жағдайларда жүректе (миокардиттер), бауырда (улы гепатит), асқазан-ішек жолында (гастриттер, колиттер) кейбір өзгерістер байқалады.
Күкірт тотығы. Күкіртті газ (күкіртті ангидриді) – SO2 – қағаз және тоқыма өнеркәсіптерінде ағартқыш зат ретінде, күкірт қышқылының өндірісінде натрий сульфитін алу үшін қолданылады. Оның бөлініп шығатын көзіне, сондай—ақ отын жағу үрдістері, әсіресе, құрамында күкірті көп отындары, жағу металлургия үрдістері, мұнай қайта өңдеу саласы, минералды тыңайтқыштар өндірісі жатады.
Ағзаға күкіртті газ тыныс мүшелері арқылы түседі. Ол көздің, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарына, өкпеге айқын тітіркендіргіштік әсер етеді. Жедел уланулар кезінде, жеңіл жағдайларда тамақта күйген сезім қышу және құрғақтық сезімі, жөтел, дауыстың қырылдап қалуы, көзден жас ағу байқалады. Ауыр жағдайларда тұншығу белгілері, дауыс байламдарының парезі, өкпенің сулы ісінуі дамиды. Күкіртті газдан созылмалы улану атрофиялық риниттер, фарингиттер, бронхиттер дамуымен, тістердің бұзылуымен, жиі конъюктивиттер дамуымен жүреді. Күкірттің қос тотығы тек жергілікті ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар резорбтивті де әсер ететіндіктен созылмалы улануылар кезінде жиі жүрек-қан тамыр жүйісінде, бауырда өзгерістер байқалады. Қалқанша безінің гипофункциясы дамуы, әйелдерде етеккір циклының бұзылуы, қанда гемоглобин деңгейінің төмендеуі мүмкін.
Күкіртсутек. Тіпті өте аз концентрацияларда (0,00014—0,0018 мг/л) да айқын сезілетін шіріген жұмыртқалардың иісіне ұқсас өзіне тән бар газ. Сонымен бірге, жоғары концентрацияларында иіс сезу нервтерінің ұштары салдануы салдарынан оның иісінің сезілуі тоқтайды.
Күкіртсутекпен қатынаста болу мұнай мен газды өндіруде және оларды өңдеуде, күкірт және көмір шығаруда, химия және тері илеу зауыттарында, жасанды жібек, бояғыш заттар, сіріңке өндірістерінде, қант және сыра қайнату зауыттарында – осы өндірістердің ағын сулары мен қалдықтарының шіруі кезінде болуы мүмкін. Күкіртсутектің тығыздығы ауаның тығыздығынан жоғары болғандықтан, ол канализация жүйелерінде, шұңқырларда, құдықтарда, траншеяларда жиналуы, бұл оларды жөндеу және тазалау кезінде ауыр уланулар пайда болуына себепші болады.
Күкіртсутектің ағзаға басым ингаляциялық жолмен түседі, бірақ тері арқылы енуі де мүмкін. Күкіртсутек шырышты қабықтың беткейіндегі сілтілермен әсерлесіп айқын тітіркендіретін әсері бар натрий сульфидін түзеді. Күкіртсутек жеңіл еритін у болғандықтан, ол көбінесе кеңірдектің, бронхлардың, жоғары тыныс жолдарының, шырышты қабықтарының конъюктиваның шырышты қабықтарының, зақымдалуын туғызады. Тек үлкен концентрацияларда әсер етуінде немесе ұзақ уақыт әсер етуі кезінде тыныс жолдарының терең жатқан бөліктерінің – бронхиолалардың, альвеолалардың, тіпті уланудан болатын өкпенің сулы ісінуіне дейін әкеп соғатын зақымданулары байқалады. Күкіртсутекке тітіркендіретін әсернен басқа жоғары улылық қасиетте тән, бұл оның тіндердің тыныс алу үрдісіне қатысатын ферменттердің белсенділігін төмендететін әсерімен түсіндіріледі.
Аса жоғары концентрацияларында (1000 мг/м3 және одан да жоғары ШРЕК-і – 10 мг/м3) тыныс алу мен жүрек қызметінің салдануы нәтижесінде тез өлімге алып келетін жедел уланудың жай түскендей түрі дамиды. Күкірсутектің ауадағы аз концентрацияларында (700 мг/м3) тырысулар, сіңір тартылуы өкпенің сулы ісінуі, кома дамиды. Дер кезінде жүргізілген емедеу толық сауығуға мүмкңндік туғызады. Егер кома созылмалы сипатта болса, орталық жүйке жүйесінде органикалық зақымдалулар болуы мүмкін.
Күкіртсутекпен созылмалы уланулар астеновегетативті бұзылыстар, созылмалы бронхиттер, анемия және т.б. түрінде байқалады.
Тітіркендіргіш әсері газдардан уланудың алдын алу өндірістік үрдістерді автоматтандырылды кеңнен енгізуден, жабдықтардың герметизациялаудан, жалпы ауа алмастыратында жергілікті де әсерлі желдетуді түрлерін орнатудан тұрады. Апаттарды жою кезінде сыйымдылығы үлкен ыдыстардың ішінде, құдықтарда жұмыс істегенде осы газдардан қорғауға арналған арнайы сүзгілі противогаздар қолданылуы тиіс, ал газдан құтқару жұмыстарында немесе газдардың аса жоғары концентрацияларында - газ өткізбей оңашалайтын противогаздар қолданылады. Жұмысшыларға қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау беруді тек алыдн ала ғана емес, сонымен қатар тұрақты түрде жүргізу және өзіне өзі және бір-біріне көмек көрсетуді үйрету міндетті болып табылады. Емдеу, алдын алу шараларды да өз ролін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |