Оқулық Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет23/74
Дата10.12.2023
өлшемі9,67 Mb.
#196187
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74
Байланысты:
24194 448605 09

АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
 
БА
СП
АС
Ы
50
– Е, балам, «Аңды иесі қорғайды немесе киесі қорғай- 
ды» деген бар... сен табиғатты сүйген сайын онымен тіл
-
десе алатын жағдайға жетесің. сондықтан мынау дарқан 
даланың тілін ұқ, сырын сезуге тырыс. күн батқан соң сені 
аспан әлемімен таныстырайын. 
Алтын арайлы күн ұясына қызара қонып, төмендеп
барады. Үп еткен жел де жоқ, төтеннен тына қалды. міне, 
осы мезгілде атасы немересін қасына алды.
– Жұмабекжан, Құдай қаласа, ертең ауа райы жылы 
болады. күн қызарып батса, осы болжамға сүйене бер, 
шырағым. міне, көк жүзінде жұлдыздар оянды. Қандай 
керемет десеңші! көне заманнан бері бабалар осы жұл
-
дызға арқа сүйеп, жүрер жолын жобалап тапқан. Анау –
темірқазық. Ол солтүстік жақта тұрады. Адасқан адам
осыған қарап, бағытын табады. 
Аспаннан мыңдаған жұлдыз жарқырайды. мысалы,
Жетіқарақшы. көпшілік соған сеніп, адасып жатады. Өйтке
-
ні темірқазық секілді тұрақты орны жоқ, алмасып тұрады. 
таң алдында Шолпан шығады. Ол да уақыттың шамасын 
білдіреді. Енді жата ғой. Ертең маған сенің көмегің керек, –
деп, атасы көрпесін қымтап, көзі ілінгенше немересінің 
қасында отырды. 


АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
 
БА
СП
АС
Ы
51
...күн ұясынан көтерілмей жатып, көгендегі мал жақта 
салдыр-гүлдір басталып кетті. «Әжем қой сауып жүр ме 
екен әлде атам су тартып жатыр ма? Бұл – не шу?» 
Жұмабек басын жастықтан көтеріп, айналаға қарады. 
көзіне ілінгені – қораның бұрышында тұрған, түр-тұрпа
-
ты өзгеше, қоңқақ тұмсық сұр аң болды. Ол орнынан атып 
тұрды. мәссаған, мынауың – құралай ғой. Қайдан, қалай 
келген? 
– Ата-ау, қайдасыз, құралайды сіз бе әкелген? 
– Жұмабекжан, «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» де
-
ген. сенің құрметіңе құралайдың өзі келді. Анасынан көз 
жазып қалса керек. Бейкүнә жануар ғой, сен бағып-қақ.
Ертең қатарға қоссаң, аңның да адамға аңсары ауады. 
– Неткен көзі мөлдір, сүйкімді, момақан?! 
– Шырағым, қай нәрсе де шақалақ шағында періште
болады. сен де маған сондайсың. Бейкүнә бала әрқашан 
тәтті ғой, осы қалпыңнан аумасаң, менің атыма жаман сөз 
айтылмайды. Жақсылық үшін ұмтылған ұл ертең елдің де 
үмітін ақтайды. сондықтан жақсы оқып, тәртібіңе өзің сын 
көзбен қарап дағдылан. 
Айтқаныңызды орындаймын, ата... 
«Даланың аңы қолға үйренбейді» деген – бос сөз екен. 
Құралай қараша үйге ілесе кіріп, ілесе шығып, соңынан бір 
елі қалмайды. киімінен иіскелеп, сүт сұрайды. сөйткенмен 
де еті ен дүниеге жаралған түз тағысы ауық-ауық адырға қа
-
рай алаңдап, анасын іздегендей аласұрып қоятын сияқты. 
Бір күні жанарынан бір тамшы жас домалап түсті. Денесі 
суық су құйып жібергендей дір етті. мұны байқаған атам: 
– Енді мұны еркіндікке босатқан жөн. Әркім өз ортасын, 
өз өлкесін аңсайды. Бұлар енді Арқаға ауады. Алла жазса, 
келесі жылғы жазғы демалыста келсең, осы атыраптан кез
-
дестіріп қаларсың, – деді. 
Басынан ноқтасын сыпырған бойда құралай безектеп 
әрі-бері шапты да алысқа бет алды. Құйындай жүйткіген 
жануар биік шағылдың төбесінен бізге бір қарап, ық бетке 
түсті де ылдилап кете барды. 
Қаныбек Әбдуов 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет