ойлан
құрастыр
ойыңмен бөліс
қорытындыла
7. Құрмалас сөйлемді үлгі бойынша аяқтаңдар.
Үлгі:
Құстар топталып ұшып, туған жерді қимай кетіп
барады.
Құстар топтасып, қиқулап ұшып, ... келіп жатыр.
8. Бір-біріңе құстар туралы сұрақ қойыңдар. мысалы, «Құстар
барар жеріне қалай адаспай ұшып барады?», т.б.
Бір құстың атынан күзгі жолдың қиындығын сипаттап хат жаз.
9. Әкесінің әңгімесінен бала көңіліне не түйді?
АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
108
сақтан, қоРға, кӨМектес
1. суреттегі заттардың қызыл түстерінің ортақ мағынасы болуы
мүмкін бе?
2. Халық ұғымында суреттегі қызыл түстер нені білдіреді?
білгенге маржан
Қызыл крест және қызыл жарты
ай халықаралық қозғалысы
– қарулы
қақтығыстар кезінде бейтараптық та-
нытып, қарсылас жақтарға тек гумани-
тарлық, медициналық көмек көрсетеді.
Бұл қозғалыс 1863 жылы құрылған, оған
әлемнің 74 елі мүше. Штаб-пәтері Жене-
ва қаласында (Швейцария) орналасқан.
Қазақстан Республикасында Ұлттық
«Қызыл жарты ай қоғамы» 2002 жылы
құрылды.
ойлан
68
Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтаймын.
сөйлеу барысында иллюстрацияны пайдаланамын, постер
жасаймын.
АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
109
түсініп оқы
«
қызыл кітап
»
...Қашқан кезде адамнан ізін қандап,
тау ешкісі өтеді құзыңды аңдап.
«Қызыл кітап» – «тірі жан тимесін!» – деп,
Хайуанатқа берілген қызыл мандат.
Баяғыдай көбінің халі бірақ:
мойындарын үзеді әлі бұрап.
«Қызыл кітап» – бұл өзі қызық кітап:
тысы жұқа, астары қалыңырақ!..
Әттең, бірақ! Аспанның бұлты биік
Жаңбыр емес, өтеді сілті құйып...
Қара жерді жылатып, еңіретіп,
кетті солай дронттың өмірі өтіп.
Екі ғасыр бұрын біз ең ақырғы
сусиырды өлтірдік мөңіретіп.
Қызыл-жасыл, зер өңді, қалайы түр
тотылардың музейде талайы тұр...
Осыны айтсаң, күрсініп, тоқтайды жел,
Өкініштің мылтығын оқтайды шөл.
солқ-солқ етіп жылайды, опат болған
перзенттерін еске алып, жоқтайды Жер.
Одан көріп, ақыры бұдан көріп,
таласқаннан не таппақ құлан, керік?!
Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,
Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!
Қадыр мырза Әли
|