АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
112
құм мінезі
Бархан қой соңына ерген жылдарда қаншама су ақты,
қаншама жапырақ сарғайды, қаншама рет құстар келіп
қайтты? Құдай-ау, қанша рет ұшақ ұшып өтті?.. тек баяғы-
да сусылдап, қоныс таппайтын ұшқалақ құмдар ғана іштей
тынып, жым-жырт жатып алған. Қызылқұмның көшіп-қон-
бай, бүк түсіп жатуы бұл мекендегі елді елеңдетпей қойған
жоқ. Қайсыбірі жаман ырымға жорыса, енді бірі: «Береке-
мізді алар сусылынан гөрі осы момақан мінезі дұрыс. Құм
көшпесе, шөп шығады, малға өріс болады», – десті.
соңғы кезде Қызылқұм мінезі мүлдем өзгеріпті. Бая-
ғыдай емес, ит тұмсығы өтпейтін қалың сексеуілдің бұл
күнде азайып бара жатқаны Барханның қабырғасына қат-
ты бататын. трос тағып, трактормен қопарып-қопарып,
жөн-жосықсыз отынға жөнелтіп жат қан қайран сексеуіл-
дің, әне, тек ойдым-ойдым орны ғана қалған. тамырымен
жұлып әкеткен әлгі сексеуілдің орны алыстан қараған
адамға зеңбірек снаряды түскен ұрыс даласындай шұрық-
шұрық жыртық еді.
Әлі есінде, баяғыда, баяғыда емес те-ау, үлкен ұлы туған
жылы осы Қызылқұмның сексеуілі мен түргені есен-сау
шақта, бұл өңірде аң-құстан аяқ алып жүргісіз еді. Қоймен
бірге өріп, қоймен бірге жусайтын аң екеш аңның да
тұқымы құрып, азып-тозып барады-ау!
Осыншалық ұлан-ғайыр даланы шекпен киген қазақ-
тың ғасырлар бойы қимауы, қаншалық зорлық көріп, аз-
сын, тозсын, шөлден қаталап өлсін, жан бағып көшіп
кетпей, осы қатыгез құмда рақаттана жан тапсыруы нелік-
тен? Жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде киіз үйдің ке-
регесін түріп қойып, таң атқанша құлақ түрер еді...
Иә, құм жылайтын... Иә, құм сөйлейтін... Иә, құм жыр-
лайтын... Иә, құм ән айтатын...
Қызылқұмның тілін тек өзі ғана білетін Бархан онымен
күбір-күбір әңгіме шертісер еді.
Достарыңызбен бөлісу: