9
бал аралары әр гүлдің ауаға тараған иістерінен
бірнеше километрге
дейінгі аралықтан дәл тауып, шырын жинай алады.
Диффузия құбылысының практикадағы қолданыс аясы да кең. Мы-
салы:
металдарды балқытып, бір-біріне жалғау немесе әр түсті қымбат
металдармен
өрнектеп қақтау, сондай-ақ дәнекерлеп жамау сияқты
жұмыстар да диффузияға негізделген. Ерітінділер мен әртүрлі қоспалар
алу да, кез келген денелер мен заттарды бір-бірімен желімдеп жапсыру
да диффузия құбылыстарының пайдалы жағын сипаттайды. Қант зауыт-
тарында ауылшаруашылық өнімдерінің (қызылша мен сәбіздің, тәтті та-
мырлар мен тростниктердің) белгілі бөліктерін кесіп алып суға салады.
Олардың бойындағы қантты ерітіп бөліп алу технологиялары да диффу-
зия құбылыстарына сүйенеді.
Диффузия құбылысының тигізетін зияны да зор. Химия өнеркәсібінде,
радиоактивті заттарды
өңдейтін қондырғыларда, жылу электр стансы-
ларында, іштен жанатын қозғалтқыштарда, мұнай өңдейтін зауыттарда
денсаулыққа аса зиянды әртүрлі өнімдер мен қалдықтар сыртқы ортаға
шығарылады. Олар диффузия
арқылы дем алатын ауаға, ішетін суға,
жейтін тағамдарға тарап, адамдар мен жан-жануарлардың ағзаларында
қатерлі
өзгерістер туғызып, зор зардап шектіреді. Ал оларға темекінің
түтіні, арақ пен есірткінің дәмі қосылса, адамды жылдам аздырып, оның
өмір жасын бірнеше ондаған жылдарға қысқартады.
Достарыңызбен бөлісу: