Күні: 01.03.16
Сабақ: №24
Сабақтың тақырыбы: Шиді ою-өрнектермен немесе тақырыптық композициямен өрнектеп кәдесый тоқу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйрету,қазақтың олбыр тігісін дәріптеу.
ә) Дамытушылық: Оюдың жаңа үлгілерін әр оқушы өз шығармашылығында орындау,оюды оя білуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Қыз балаларды оюды ойдыра отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: «Ою-өрнек» шығу тарихы, «Ою-өрнек» түрлері, тест сұрақтары,перфокарта,сурет-схема.
Сабақ жоспары:
Оқушы білімі: а) сұраққа жауап, б) префокартамен жұмыс, в) тест.
Оқушы ұщқырлығы: «Жеті құпия».
Оқушы талғамы. «Оюшы маман».
«Ғажайып алаң»
Оқушы ой-өрісі. «Ойын тапқырлық».
Оқушы шығармашылығы көрме.
Қорытынды бөлім.
«Өнер таусылмас азық,жұтамас байлық»деген халқымыз.Қазақ қолөнерде өзінің төлтума бітімі қасиетімен,көркемдік-мән мағынасымен,шын мәнінде,халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.Сондай асыл қазына ою-өрнек.
Біз сендермен ою-өрнек түрлерімен,оюды оя білуге,ұлттық олбыр тігіспен танысып, өзіміздің төл туындыларымызды бүгінгі көрмеге қойдық.
Олай болса бүгінгі сабағымызды бастайық.
I.Тапсырма
А) Оюдың төрт құпиясы туралы не білеміз?
Б) Неге қазақ халқын «Оюмен ой айтқан ел» деп атаймыз?
В) Оюдын түрлері, адам баласына тигізер пайдасы.
1. Тест сұрақтары.
Тест «Ою өрнек»
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
Дұрыс жауабы
|
Ертеде ою-өрнек матаға түсіру үшін қандай тәсілді қолданған
|
а) Қарындаш,б) Уыз,с) бор
|
Б
|
Көне әлемге байланысты өрнектер
|
а) шұғыла,б)тышқан,с)көбелек
|
А
|
Ою-өрнектің неше түрі бар?
|
а)300 б)400 с)500
|
С
|
Гүл оюы нені бейнелейді?
|
а)Бейбітшілік,б)Қуаныш,с)дархан
|
Б
|
«...аузынан шөп алмайтын момын»теңеуі қай түлікке арналған ою-өрнекте кездеседі?Көп нүктенің орны қай түлікке арналған?
|
а)Итқұйрық,б)Сынық мүйіз,с)Қошқар мүйіз
|
С
|
Аңдарға байланысты ою-өрнек
|
а)Бөрікөз,б)Алақұрт,с)Тайтұяқ
|
А
|
Жануар тектес ою-өрнек
|
а)Иттіс,б)ботакөз,с)құмырсқа
|
Б
|
Найман руының оюы
|
а)Жебе,б)босаға,с)үш айрық алау
|
С
|
Геометриялық ою-өрнек
|
а)Құсмұрын,б)сүйір,с)жауқазын
|
Б
|
Қандай ою магиялық оюға жатады?
|
а) Шимай,б)Шиыршық,
с)тұмарша
|
С
|
Кесте өнерінде көп қолданылатын ою
|
а) Жылан,б)Қырық шақа,
с)Алтын жіп мүйіз
|
С
|
Бас аяғы жоқ ою
|
а)Йтқұйрық,б)Сұлама,с)Тарақ
|
Б
|
Үзілмес бағыт,мәңгілік нышаны қай оюмен өрнектеледі?
|
а) Өткізбес,б)Төртүшкіл,
с)Дөңгелек
|
С
|
Ертеде жаңа туған нәрестеге арналған бұйымдарға бейнелік нышаннына қарай қай ою салынған
|
а)Зооморфты,б)Геометриялық,с) Өсімдіктектес
|
А
|
Перфокарта
2. Перфокартамен жұмыс.Перфокарта бойынша оюлардың атын сурет бейнесіне қарап жазу. (Көрнекілік әр оқушыға беріледі.)
II. «Жеті құпия» оюға байланысты жеті пәннен сұрақ.
География.
Сонау ежелгі дәуірдегі тасқа қашалған өрнектерді зерттеп, оның сырлары жайлы тамаша дүниелер жазған тұңғыш этнограф кім?Жауабы: Шоқан Уалиханов.
Математика.
Геометрия пәнінде түрлендірудің қай түрі ою-өрнекте қолданылады?
1.Геометрия.
2.Бұру.
3.Симметрия.Жауабы: симметрия.
Химия.
Қара жәшік ішінде жүнді бояған кезде жақсы сіңіру үшін қосатын қоспа бар.Қоспаның аты,формуласы.Жауабы: (Ас тұзы-Na CI).
Музыка.
Қазір оюды би көрінісінен тамашалаймыз,екі түрлі элемент оюмен бейнелейді.Қай ою? Жауабы: құс қанаты,бәйшешек.
Әдебиет.
Шебер көп бұл заманда кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр өңдерін.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан.
Әжемін оюындай жыр-өрнегім.
Өлеңнін аты,авторы кім?Жауабы: («Оюлар» Фариза Оңғарсынова).
Физика.
Суықта терезе әйнегіне неге өрнектеледі?
Жауабы: (Заттың бір күйден екінші күйге көшу процессі арқылы түсіндіруге болады.Температураның төмендеуіне байланысты терезе әйнегіндегі бу мұзға айналады.)
Биология.
Үй жиһазының бірі алаша,осы алашаға салынатын оюдың анатомиялық аты.Жауабы: Таңдай
III. Оюшы-маман.
Адамның өзі-өзі тәрбиелеу мәселесінің бірі-мамандық таңдау.Осы орайда қазақ халқының ата кәсібі көп болған,ал біз таңдаған кәсіп-оюшы.Оюшы кез-келген адамның қолынан келе бермейтін мамандық.Біз бүгін осы мамандықты жалғастырып,әр топ өз туындыларымызды жасаймыз және оны қорғаймыз.Жалпы қазақ кең пейілді,ақжарқын халық,қалжын сөзді де орынды пайдалана білген,осы оюшы кәсібіне байланысты ел арасында мынандай қалжың өлең жолдары бар.
Оюын текеметтің ойдың әже,
Бір тоқты оюшыға сойдың әже.
Бір жаман мал бердім деп,алып кетер
Бір жылға балам жас деп қойдың әже.
Әр топ бейбітшілік,достық және махаббат,наурыз тақырыбына өз туындыларын жасап,қорғады.
IY. «Ғажайып алаң» Қонақтарға сұрақ.
Қазақстанның ұлттық қолөнер көрмесінен жүлделі орын алған Көкпектілік.
М Ә К Е Н Т О Й Ш И Н А
V. Ойын- «тапқырлық».
1. Жұмбақ шешу,осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін ата.
Дүниеде бір молда
Уақытында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып кеп,жер шоқиды. Жауабы: Қораз.
Осы жұмбаққа байлынысты ою түрлері: құсқанаты,қазмойын,құстұмсық,қарғатұяқ,қазтабан, т.б.
Таптым,таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
Жауабы: түйе.Оюлар: түйетабан,ботагөз,өркеш, т.б.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
Жауабы: сиыр.Оюлар: сыңармүйіз,сынықмүйіз,қосмүйіз т.б.
2.Сөзжұмбақ шешу.
3.Суретке байланысты қыз балаға арналған мақалды ата.
Сөзжұмбақ
Көлденеңінен:
1.Қазақ қыздарына шешесі осы оюдың атын атап,ренжіген.Қай ою?
3.Хан мен батырлардың киімінің артына салынған ою.
5.Өте көп қолданылатын ою.
Тігінен:
2.Нан тағамының атымен аталатын ою.
4.Жүзік атымен аталатын ою.
VII. Қорытынды бөлім.
Сонымен бүгінгі «Ою-өрнектер» тақырыбы бойынша сұрақ-жауаптармен қорытындылайық.
Достарыңызбен бөлісу: |