Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет55/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

«алтын дәуірі»
болды. 
Август салтанаты жылдарында еңбек еткен Вергилий, Гораций, 
Овидий секілді ұлы ақындар өздерінің шығармаларымен Рим 
поэзиясын грек әдебиетінің классикалық дәуірінен қалыспайтын 
және кейіншелік дүниежүзілік әдебиеттің дамуына күшті ықпал 
еткен әдебиет дәрежесіне көтерді. Императорлық биліктің алғашқы
дәуірлеріндегі Рим поэзиясы көркемдік жағынан қанша сұлу 
болғанымен, мазмұны жағынан, саяси өзектілік, заманагөйлік, 
халықшылдық тұрғысынан қарағанымызда грек әдебиетінен, б.з.б.V 
ғасырдағы грек драматургиясынан өте төмен жатыр. Империя 
дәуірінде сөз еркіндігіне тосқауыл қойылғандықтан, әдебиеттің 
көптеген түрлері дамыған жоқ. Бұл салада шешендік өнер мүлдем
маңызын жояды. Республика жылдарындағы әдебиетке қатысты 
қолданылатын «алтын дәуір» атауын поэзиядан өзге жанрларға 
айту мүмкін емес. Егер де, дәл республика жылдарындағы сияқты, 
императорлық дәуірде де әдебиетке көбірек еркіндік берілгенде
Август саясатын сынайтын шығармалардың тууы күмансыз еді. 
Мүмкін, мұндай шығармалар болғанда шығар, бірақ олар бізге 
дейін жетпеген. 
Вергилий
Императорлық дәуірдегі Римнің ең ұлы ақыны Публий
Вергилий Марок б.з.б.70-жылы Италияның солтүстігіндегі Мантия 
қаласына жақын жерде туды. Ақынның ата-анасы туралы анық 
мәлімет жоқ. Алайда, олардың орта дәулетті отбасы болғандығы 
күмансыз. Сондықтан болар, Вергилий алдын Кремонда, соңынан 
Милан, Рим қалаларында жақсы білім алады, замандастары сияқты 
риторика, философия ілімдерін, әсіресе әдебиетті жан-жақты 
меңгереді. Бірақ мінезінің жұмсақтығы, ұяңдығы, қала тұрмысын 
ұнатпайтындығы және ең маңыздысы шешендікке қызықпауы 
себепті, тек бір ғана сот ісіне қатысып, осыдан кейін өз жұртына 


153
оралады. Бос уақыттарын әдеби шығармашылыққа арнап, әкесінен 
қалған ұлтарақтай жерде диқаншылықпен айналыса бастайды. 
Бірақ ақынның тыныш тіршілігі ұзаққа созылмайды. Б.з.б.41-жылы 
Октавиан Август өзінің әскери қосындарын Италияның Солтүстік 
уалаяттарына орналастырғанда, Вергилийдің дүние-мүлкі де 
тоналды. Бұл кездері поэзия әлемінде танымал болып қалған 
Вергилийдің кейбір мансапты тілектестері (Полион, Меценат) 
ақынға ілтипат көрсетіп, түрлі сыйлықтармен көңілін аулайды. 
Солар арқылы Вергилий Октавианмен танысады, заманының 
абыройлы, дәулетті адамына айналады. Өте қарапайым, қыстақ 
өмірін сүйген, мансап пен билікті ұнатпаған Вергилий Италияның 
оңтүстік жағалауларында, Сицилияда жасайды. 
Ақын Август салтанатына күдіксіз, терең сеніммен қараған. 
Ұзақ жылдық ішкі қырғындарға тосқауыл қойған, мемлекетте 
бейбітшілік орнатқан, оның үстіне ескі әдет-ғұрыптарды, 
адамгершілік пен қоғамдық сананы көтеруді қолға алған Август, 
патриархал-консервативтік пиғылдағы Вергилийдің жүрегінде 
құрмет пен ізет сезімдерін оятты. Сондықтан, Вергилий мұнан 
кейінгі шығармаларында Август салтанатын жырлаушы, оның 
даңқын паш етуші ірі сарай ақыны дәрежесіне көтеріледі.
Вергилий бар-жоғы үш шығарма ғана жазған. Бұлардың біріншісі 
- «Буколикалар» (бақташы жырлары), екіншісі - «Георгикалар» 
(шаруа жырлары) және үшіншісі - «Энеида» дастаны. Осы 
шығармалардан өзге Вергилий есімімен байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет