Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет10/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Ангиопульмонография. Өкпе тамырларын контрастты тексерудің бұл әдісі, өкпедегі қан айналымының морфологиялық және функциялық жағдайына сипаттама береді.
Жүргізуге көрсеткіштер: өкпенің даму ақаулары, кистозды өкпе, бронхоэктаздық өкпенің анық суретінің болмауы.
Қарсы көрсеткіштер: жалпы жағдайының ауырлығы, жүрек- тамыр жетіспеушілігі, йодқа жоғары сезімталдық.
Тексеру әдістемесі. Тексеруден 1 күн бұрын йодқа сезімталдықка сынақ жүргізеді. Бұл үшін тамыр ішіне 1 мл 70% диодон немесе кардиотраст ерітіндісін енгізеді. Тексеру кезінде, контрастты затты 1 мл ерітіндісін баланың дене салмағына қарай v.saphena magna-ға немесе v. вasilica-ға венесекция жолымен өкпе артериясына зонд арқылы енгізіледі. Контрастты затты енгізген кезде қарапайым немесе автоматтандырылған шприцтер қолданылады. Ангиопульмонография кезінде катетерге физиологиялық ерітінді және гепарин (1000 бірлік 10 мл ерітіндіге) бар система жалғасады.
Асқынулар:

  1. Субэндокардиальды бұлшық еттік жүйеге зондтың енгізілуі кезінде механикалық тітіркендіруге байланысты жүрек ырғағының бұзылуы;

  2. Катетерді енгізгеннен кейінгі венаның спазмы: спазм басталғанда зондты енгізу тоқтатылады; зонд арқылы 5-10 мл 0,25% новокаин ерітіндісін енгізеді;

  3. Зонд жүрек қуысында жүрек қабырғасын және тамырларды зақымдауы мүмкін.

Әдісті бағалау. Ангиопульмонография, бронхоскопиямен бірге, жалғыз өкпе кезінде қауіпті болып саналатын бронхографияның көмегінсіз өкпе агенезиясы диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Басқа өкпенің даму ақаулары кезінде (бөліктік эмфизема) ангиопульмоноография өкпе тініндегі ақаулардың локализациясына және сипатына қосымша деректер береді. Бронхоэктазия кезінде ангиопульмонография өкпенің зақымдалған шекараларын нақты анықтайды.
Медиастинография. Контрасттауды газбен жасайды. Ол патологиялық түзілістің орналасуын анықтау үшін жүргізіледі. 3-4 жас аралығындағы балаларға тексеруді наркозбен жүргізеді, ал ересекбалаларда жергілікті анестезиямен жүргізіледі.
Тексеру әдістемесі. Газды енгізудің тура және тура емес жолдары бар. Біріншісіне: ретроманубриальдық, парастернальдық, паравертебральдық, транстрахеальдық; екіншісіне – пресакральдық, ретрокифондальдық әдістер жатады.
Ретроманубриальдық әдіс қауіпсіз әдіс болып табылады. Баланы трахеотомия кезіндегідей қалыпта жатқызады. Инені төстің артқы беткейіне параллель ретроманубриальдық кеңістікке енгізеді. Иненің алдында новокаинді инфильтрат тудырады. Ірі тамырлардан пульсация пайда болғанын сезгеннен кейін инені енгізуді тоқтатады. Шприцтің поршенін тартып, инеден ауа және қанның жоқтығына көз жеткізу керек, содан кейін пневмоторакстік аппарат жүйесі арқылы газды енгізеді. 5 жасқа дейінгі балаларға 300 мл газ; 5-10 жас – 400 мл дейін; 10 жастан жоғары – 500 мл дейін енгізеді. Дұрыс енгізген кезде осы аймақтың үстінен перкуссияда анықталатын тұйықтық тимпаникалық дыбысқа ауысады. Дұрыс енгізбеген кезде төс үстінен тұйықтық сақталады.
Асқынуы. Тері асты эмфиземасы, пневмоторакс.
Әдісті бағалау. Пневмомедиастинография түзілістің локализациясын анықтауда көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет