Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет187/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Іріңді перикардит ауруы - жүрек қабының ішіне ірің, экссудат, фибрин жиналып қабынған ауру. Перикардитті қоздырушы аурулар қатарында алғашқы орында ревматизм, туберкулез, өкпенің деструктивті түрде қабынуы, остеомиелит ауруы және басқа да іріңді аурулары бар. Перикардит жүрек қабына жиналған экссудаттың түріне байланысты іріңді немесе іріңді-фибринозды болып бөлінеді.
Клиникасы. Аурудың клиникалық белгісі дене қызуының өте жоғары деңгейге дейін көтерілумен және улану синдромының өрбуімен байқалады. Науқас қатты ентігіп, жүрек соғысы жиілейді. Жүректің шекарасы кеңейіп, дыбысы баяулап, жүрек пен жүрек қабы арасынан үйкеліс дыбысы естіледі. Мойынның веналары адырайып, қан үйелейді, бауыры ісінеді. Айтылған клиникалық белгілер көбінесе жүрек қабының ішіне ірің жиналғанда болатын белгілер. Егер, жүрек қабының іші тек ісініп, фибриндік үлдірмен (пленка) көмкерілген болса, оның диагностикасы қиындайды. Кейде, ол, тек бала шетінеп, оны жарып тексергенде ғана табылады. Жүрек қабы мен жүрек арасына орналасқан фибрин үлдірі жүрек пен оның сыртқы қалтасын жабыстырып, жүректің керілу-жиырылу функциясын бұзады. Олай болған жағдайда бала әлсізденіп, ентігі көбейіп, бауыры үлкейіп, іш құрсағына су жиналып, кеуденің қан тамырлары кеңейіп (медузаның басы секілді белгі) кетеді.
Жүрек қабының (перикардтың) ішіне экссудат, немесе ірің жиналған уақытта жүректің шекарасы үлкейеді, жүрек қимылы әлсізденеді. Жүрек қабы ішіне ірің немесе экссудат жиналып жүректі қысқан кезінде жүректің жалпы көлемі азаяды, ол әрине жүрек қан тамырларының жеткіліксіздігіне әкеліп соғады. Бұл электрокардиограммада S-T аралығының азайып, кері бағыттағы Т-тісінің пайда болуымен және барлық тістердің вольтаждарының төмендеуімен білінеді.
Перикардит диагнозын анықтау үшін рентген суретінен жүректің барлық шекараларының шар тәрізденіп үлкейгендігін байқауға болады. Жүрек қабын инемен шаншып тесу арқылы да диагнозды анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін, баланы шалқасынан, қабырға астына кішкене төсеніш қойып, жатқызады. Содан кейін, сол жақ қабырға доғасы мен төс сүйектің басының аралығы, асептикалық жағдайда новокаинмен жансыздандырылады. Шприцке жалғанған ұшы қысқа, ішкі диаметрі 0,6 мм, ұзындығы 120-130 мм инемен жансыздандырылған ауданның терісі тесіледі. Инені новокаин жібере отырып, 30-400 бұрышпен, баяу 2-3 см тереңдікке итереді. Итеру кезінде поршеньді тарту арқылы жүрек қабы ішіне орналасқан сұйықтықтарды алуға талап жасалынады.
Емдеу - консервативтік тәсілмен іске асырылады. Жүрек гликозидтері, витаминдер және антибиотик дәрілері бірінші күннен бастап көп мөлшерде беріледі. Жүрек қабының ішіне жиналған ірің, немесе экссудат инемен сорылып алынады. Егер перикардитті, инемен шаншып іріңді сорып алып емдеу жақсы нәтиже бермесе, немесе жүрек қабы ішіне жиналған ірің қою болса, онда жүрек қабы ішіне түтікше енгізіп емделеді. Түтікшені жүрек қабына енгізер алдында, жүрек қабы жоғарыдағы айтқанымыздай инемен қайта тесіледі де ішіне 50-100 мл фурациллин жіберіледі, содан кейін барып инемен шаншыған ауданның терісі кесіліп жүрек қабы ішіне трокар енгізіледі. Айтылған тәсіл, жүректі трокар енгізу кезіндегі жарақаттан сақтайды. Егер консервативтік емдеу тәсілдері өз нәтижесін бермесе, жүрек қабы кесіліп алынады да (перикардэктомия) жүрек өзін қысып тұрған тіндерден босатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет