Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Көкеттің астында шоғырланған іріңдік



бет183/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Көкеттің астында шоғырланған іріңдік. Шоғырланып жиналған іріңнің көкет пен одан төмен орналасқан құрсақ қуысы ағзалары бауырдың, асқазанның, бүйректің, көкбауырдың аралығына жиналуын көкет астының абсцесі деп атайды. Көкет астындағы абсцесс іш құрсағынгың оң жағында – көкет пен бауыр арасында жиі кездеседі. Іріңдік негізінен көптеген хирургиялық аурулардың асқынуы нәтижесінде пайда болады. Бұларға асқынып қабынған аппендицит, холецистит, дивертикулит тағы басқа да іш құрсағын қабындыратын хирургиялық кеселдер жатады.
Клиникалық белгісі. Аурудың диагностикасы өте қиын. Уақытында жеделдетіп диагнозы анықталмаса баланың өліп кетуі де ықтимал. Науқас іш құрсағының оң жағынан болып тұрған бірқалыпты ауру сезіміммен анықталады. Ауырсыну сезімі шаншып білініп, оң жақ иыққа, жауырын астына қарай таралуы мүмкін. Бара-бара баланың жағдайы төмендейді, тамаққа тәбеті жоғалады, қатты әлсіреп, терлейді, кешке қарай дене қызуы жоғарылап, безгек секілді қалшылдайды. Бала, төсектегі өзіне ыңғайлы қалпын өзгертпеуге тырысады. Егер де баланы қозғап, орнын өзгертер болса, ол іш құрсағынан шығатын ауру сезімінің күшейгенін айтады. Ауру бала төсекте ауырған жағына қарай қисайып жатады. Науқас үдей келе абсцесс пайда болған қабырға асты білеуленіп ісініп, қабырға аралығы жақсы анықталмайды. Осы аудандағы қабырғаларды саусақпен соққанда кеуде қуысының төменгі жағына қарай шаншыған ауру сезімі пайда болады, көкет астында орналасқан абсцесс, өзі орналасқан деңгейдегі көкірек қуысының ішіне сұйықтықтар жиналуға, яғни плевриттің пайда болуы әсер етеді. Көкірек қуысына жиналған сұйықтықтың (плевриттің) белгісі - перкуссия жасаған кезде өкпеден шығатын дыбыстың әлсізденіп естілуімен байқалады.
Диагнозды анықтауға рентген тәсілімен жүргізілетін тексеріс тәсілдері көп көмегін тигізеді. Жалпылай түсірілген көкірек суретінде көкеттің қалыптағыдан биікке орналасқанын, ал рентгеноскопия кезінде көкеттің демалыс үрдісінен баяу, толық қатыспайтындығын, көкет деңгейі қарайып көрінетіндігін, көкірек қуысында орналасқан сұйықтықтардың сүлбесі (контуры) анықталады, егер іріңнің ішінде газ пайда болса, онда көкетастындағы сұйықтық пен газдың деңгейі көрінеді. Мұнымен бірге диагнозды анықтауға аурудың тарихын зерделеу, кейде үлкейіп тұрған ісік ауданын инемен тесу, қабырға тұсын басқан кезде, ауру сезімінің қозуы секілді белгілердің болуы көмектеседі. Қанның талдамасында лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ жоғарылайды. Лейкоциттердің улану индексі де өте жоғары деңгейге көтеріледі.
Емдеу. Шоғырланған іріңдікті хирургиялық тәсілмен емдеу әр түрлі тілу жолдарымен жүргізіледі. Олардың қатарына құрсақ қуысын кең ашу, кеуде қуысын ашып, қабырғаларды кесіп алып тастап, іріңдікті шығару тәсілін, көкірек қуысын іш құрсағында ашпай, қабырғаларды кесіп алып, іріңдікті ашу (Мельников тәсілі) әдістерін жатқызуға болады. Қазіргі кезде Мельников ұсынған тәсіл кеңінен қолданылып жүр, өйткені бұл әдіс кезінде құрсақ қуысы да, көкірек қуысы да іріңмен былғанбайды.
Улану дәрежесінің өте жоғары деңгейде байқалуына сәйкес, қанға көп көлемде 5-10 қант ерітіндісі, реополиглюкин, плазма, қан құйылады. Бұлармен бірге, АТФ, ККБ, инсулин, протеазаның ингибиторлары (контрикал т.б.), витамин «С», 2-3 синергисс антибиотиктер-трихопол, флагил, метронидозол, сульфаниламидтер кеңінен пайдаланылады. Көкет астына шоғырланып жиналған іріңдік ауруы ұзаққа созылатын ауру болғандықтан, оны емдеу барысында иммунитетті күшейту үшін стафилококке қарсы гаммаглобулинді, плазманы және иммунитетті қоздыратын –спленин, тималин, Т-активин, левамизол дәрілері де қолданылады. сенсибилизацияға қарсы дәрілер беруді ұмытпау қажет (димедрол, хлорлы кальций, пипольфен, супрастин т.б.). Антибиотиктермен емдеу барысында зең (уақ саңырауқұлақтар) пайда болмас үшін, алғаш күннен нистатин, леворин дәрілерін беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет