ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ НЕКРОЗДЫ ЭНТЕРОКОЛИТ
Некрозды энтероколит, жаңа туған нәрестелердегі ішек тесілуі мен перитониттің негізгі себебі болып саналады. Бұл ауру кезінде ішек қабырғасының кейбір бөлігінде қан айналымы-ның бұзылуынан геморрагиялық немесе септикалық инфаркт болады.
Жас нәресте дүниеге келгеннен кейінгі бейімделу (адаптация-лық) кезеңінде некрозды энтероколит 0,25% кездеседі. Кейбір нәрестелерге неонатальдық кезеңде қарқынды ем жүргізілген кезде 4% некрозды энтероколит кездеседі (Vergate et al, 1980). Ол кезде некрозды энтероколиттің пайда болуы перинатальдық гипоксиядан, асфиксациядан және инфузиялық емнен кейінгі уақытта, кіндік венасы арқылы ауыстырмалы қан құю кезінде кездеседі.
Клиникалық белгілері. Экспериментальдық ізденістердің қорытындысы бойынша (K.Toulon Kion, 1967; 1971, 1974 J. Lloyd, 1979) гипоксия және босану кезінде баланың қиналуынан (стресс) қан айналымы орталықтанып ішек тамырлары спазмға ұшырайды. Нәтижесінде қан ағымы тоқтайды да, одан кейін қан тамырларының спазмы парезге айналады, қан тамырларында қан құйылу және ішек қабырғасының некрозы байқалады. Жас нәрестелерде және шала туған балаларда ішек некрозы капиллярлардың гипоксияға бейім болуынан байқалады.
Кіндік веналары арқылы алмастырулық қан құю кезінде портальдық тамырлардың тұрақты спазмдары болып, мезентериаль-дық қан айналымының бұзылуы анықталады. Ол одан кейін некроз-ды энтероколитті туғызады (Bell.M.J, 1973; Bounilon .A. 1974)
Негізінде, асқазан–ішек жолдарының некрозы мен гангренасы, ойық жаралы–қабынудан басым болады.
Мықын ащы ішегінің дистальдық бөлігімен тоқ ішектің оң жақ бөлігі некрозға жиі ұшырайды, негізінде гангрена ішектің шырышты қабатынан басталып, оның сероздық бөлігіне бағытталады. Ол J.Cloup (1973) деректері бойынша 43-56% ішектің тесілуімен асқынады.
Жас нәрестелерде некрозды энтероколиттің себебі - граммтеріс микробтардың инфекциясынан болуы ықтимал (Normal RE 0,75%. Аутоиммунды үрдістің ықтималдылығы аурудың ауық–ауық қайталанып өршуімен және ішектің тесілуімен анықталады. Антибактериалдық емді дұрыс қолданбаған жағдайларда да дисбактериоз дамып, арты энтероколитке айналады.
Ю.Г. Алексеевскихтің (1973), E.Ч. Новикованың (1981) деректеріне қарағанда ойық жаралы энтероколиттің 30%-ы стафилококктық сепсистен болады. Стафилококк инфекциясында, оның токсиндерінің әсер етуінен қан тамырларының спазмы (тарылуы), одан кейін оның парезі байқалады. Ішек қабырғасына қан құйылып, оның өткізгіштігі бұзылып, трофикалық өзгеріске ұшырап, некроз болады.
Клиникалық белгілері. Некрозды энтероколиттің өте ауыр түрі, баланың тууы кезіндегі ауыр асфиксиядан және кіндік қан тамырына дәрі–дәрмектер ертіндісін жіберуден болады. Ю.Ф. Исаковтың мәліметі бойынша (1980) ішектің жедел инфаркті балалар энтероколитінің 15%-да кездеседі. Жас нәрестелердің жалпы жағдайы өте ауыр. Мида қан айналуының бұзылуы (I және III дәрежеде), дем алу және жүрек–тамыр жетіспеушілігінен, жас нәрестеде алғашқы 1-2 тәулікте іші қатты кеуіп, қампиған. Оның ауырсынуы, қатаюы, ішек перистальтикасы төмен, нәжіс және жел шықпайды. Ішек қуысының жалпы рентгенограммасында ішек жолдарының желденуі нашарланады, ішектің пневматозы тән емес.Ішек қабырғасының инфарктінде, оның тесілуіне перистальтика әкеліп соғады.
Балаларда созылмалы гипоксия болған жағдайда некрозды энтероколит бірнеше сатыда өтеді. Бірінші сатысы – алғашқы продромды кезеңі: баланың жағдайы, созылмалы гипоксия салдарынан, неврологиялық өзгерістерді, дем алуының және жүрек соғысының бұзылуы белгілерін көрсетеді, 63% бала шала туады (I, II, III дәрежеде).
Екінші сатысында некрозды энтероколитке тән біраз белгілер анықталады: жас нәрестенің 8-9 тәулігінде ішек дискенезиясының белгілері пайда болады. Бала емшекті нашар емеді, лоқсиды, сүтпен құсады, салмағын тез жоғалтады, іші қампаяды, оң жағы ауырсынады. Нәжісі - жиі, аздап, көбік тәрізді бөлініс байқалады.
Диагностикасы. Диагноз қоюда жалпы рентгенография бірталай мәлімет береді. Энтероколит кезінде асқазан-ішек жолдарында желдің болуы әрдайым бір қалыпты болмайды. Асқазан парезі байқалады. Ішектің парезге ұшыраған бөлігі, оның тарылуымен алмасып отырады, ішектің қабырғасының қабынуы, қалыңдауы көрінеді, кистозды пневматоз анықталады.
Үшінші сатысында – ішек тесілуінің алдында, ішек парезі айқын көрінеді, оның ұзақтығы 12-24 сағат. Нәрестенің жағдайы нашарлай береді, токсикоз және эксикоз белгілері, өт сұйықтығымен араласқан тұрақты құсу, іштің қатты қампиюы, іштің қатаюы және ауырсынуы. Ішек перистальтикасы нашар, нәжіс және желі шықпайды, анусы ашылмайды, жабық, тік ішектен қан шығады, қан құсуы байқалады. Рентгенограммада гидроперито-неумнен іш қуысының қарайып, ішектің қабырғасы көрінбейді.
Төртінші сатысында – перитонеалдық шок байқалады.
Емі. Некрозды энтероколиттің бірінші сатысында синдромдық емдеу жүргізіледі (қан тамырларының жұмысын жақсартатын дәрілер кавинтон, актовегин, гемостатикалық (децинон, викасол, аминокапрон қышқылы), дегидротациялық (фуросемид, маннитол), витаминдер В және С тобынан, т.б.
Екінші және үшінші сатысында қарқынды емнің құрамы: асқазан-ішек жолдарының декомпрессиясы, терапияның екінші сатысында - шай, су; үшінші сатысында ауыз арқылы сұйықтық берілмейді, асқазанға 12-24 сағатқа түтікше қойылады. Егер ішек перистальтикасы пайда болса - Рингер сұйықтығы 5-10 мл әр 2 сағат сайын беріледі.
Инфузиялық ем: тамырға реологиялық қажетін арттыратын сұйықтықтар құйылады (реополиглюкин, курантил, компламон, гепарин); ішек парезін емдеу үшін калий сұйықтығын қан тамырына жібереді. Антибактериалдық ем (цефалоспарин III-IV буынды). Таңдамалы (селективтік) ем: ішке деконтаминациясын жүргізу, гентамицин, канамицин, бифидум-бактрин. Десенсибилизациялық ем, оперативтік ем: некрозды перитониттің IV сатысында – трансректальдық лапаротомия, некрозға ұшыраған ішек бөлігін резекциялау, ішек стомасын салу.
Достарыңызбен бөлісу: |