Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет20/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Сүт бездерінің даму ақаулары
Сүт бездің бір немесе екі жақтан толық болмауы сирек кездеседі, олардың жетілмеуі жиірек байқалады. Сүт бездің бір жақты болмауы немесе гипоплазиясы Поланд синдромы кезінде байқалады.
Көп сүт безі және көп емізік те сирек кездесетін патология. Олардың саны және көлемі әр түрлі болады. Емдеу косметикалық мақсатта қосымша сүт безін немесе емізікті сылып алу болып табылады.
Пубертаттық макромастия – қыз балаларда 10-15 жаста сүт бездерінің ұлғаюы. Жыныстың жетілу кезінде жетіліп келе жатқан сүт безі шектен тыс полиферацияға ұшырап, нәтижесінде екі немесе бір алып, өте үлкен сүт безі дамиды. Аталған гипертрофияның кері дамуы байқалмайды. Хирургиялық ем – сүт безін жартылай резекциясы.
Гинекомастия – ұл балаларда жыныстық жетілу кезеңінде бездің бір немесе екі жақты ұлғаюы. Нағыз және псевдогинекомастияны ажыратады. Нағыз гинекомастия безді тіннің ұлғаюымен сипатталады. Псевдогинекомастия сүт бездері аймағына май тінінің жинақталуының нәтижесі болып табылады. Нағыз гинекомастия 14-15 жастағы ұл балалардың жартысында кездеседі. Ол жыныстық жетілу үрдісінде андрогендермен экстрогендер қатынасының бұзылуымен байланысты. Бұл кезінде без ұлғаюы, пальпациялағанда тығыз, шамалы ауырсынады. Нағыз гинекомастия өздігінен жоғалады. Айқын жағдайларда пролактиннің секрециясының реттелетін препараттар тағайындалады.
Кез келген жаста сүт бездерінің ұлғаюы, ісіктік үрдіспен байланысты болуы мүмкін екендігін ұмытпау керек. Сүт бездің фиброаденомасы, кистасы және басқа да қатерсіз түзілістерді міндетті түрде қатерлі ісіктерден ажырата білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет