Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


САРЫ УЫЗ ЖӘНЕ ЗӘР ЖЫЛҒАЛАРЫНЫҢ АҚАУЛАРЫ



бет43/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

САРЫ УЫЗ ЖӘНЕ ЗӘР ЖЫЛҒАЛАРЫНЫҢ АҚАУЛАРЫ


Жатыр ішілік дамудың алғашқы апталарында кіндік бауы құрамында сары уыз және зәр жылғалары болады. Сары уыз жылғасы ұрық қоректенуі үшін қолданылады, зәр жылғасымен зәр ағады. Жатыр ішілік дамудың 3-5 айларында жолдардың кері дамуы жүреді; сары уыз жылғасы толық атрофияланады да, ортаңғы байламға айналады. Сары уыз жылғасының облитерациясы бұзылысының көптеген түрлері бар:

  1. толық және толық емес жыланкөздер

  2. Меккель дивертикулы

  3. энтерокистома.

Зәр жылғасының облитерациясы бұзылуының түрлері көп емес, көбіне толық және толық емес кіндік жыланкөздері түрінде болады.
Кіндіктің толық жыланкөздері сары уыз немесе бүкіл зәр жылғаларының ашық қалғанда болады.
Сары уыз жылғасының ішек жыланкөздері жиі кездеседі. Бала айқайлап, қиналған жағдайларда ішек эвагинациясы болуы мүмкін. Эвагинация жартылай ішек өтімсіздігімен қатар жүреді.
Зәр жылғасының толық жыланкөздерінде кіндік қалдығы түскеннен кейін кіндіктен тамшылап зәр ағады, ал құрсақ қуысында қысым жоғарылағанда зәр қатты ағады. Кіндіктің толық жыланкөздері кезінде тері тітіркенген, ластанған (мацерацияланған) болады.
Толық жыланкөздерінің диагностикасы ешқандай қиындық тудырмайды. Кіндіктің толық жыланкөзі кезінде, фистулография басты диагностикалық мағлұмат көзі болады. Зәр жылғасының жыланкөзіне күмән туғанда, түрлі сынамалар жүргізеді. Мысалы, метилен көгін жыланкөзге немесе қуыққа енгізеді де жыланкөзден ағып шыққан зәрдің түсін бақылайды.
Емі. Кіндіктің толық жыланкөздерінің емі – операция жасау ғана. Операция негізі бүкіл жыланкөз жолын алып тастау болып табылады. Дивертикул анықталған жағдайда, оны да алып тастайды.
Толық емес жыланкөздер, жолдардың дисталдық бөлімдерінің облитерациясы нәтижесінде дамиды және толық жыланкөздерге қарағанда жиірек кездеседі. Мұндай ақау кезінде үшін кіндік сақинасынан аз мөлшерде бөлініс бөлініп тұрады да, «сулы кіндік» деп ұзақ және нәтижесіз емделеді. Инфекция дамыған уақытта бөлініс іріңді болады.
Кіндіктің жыланкөздерін кейде гранулемамен шатастырып, консервативтік жолмен емдеуге тырысады. Тек 4-8 апта емдегеннен кейін ғана кіндік жыланкөзі диагнозы қойылады. Диагнозды толықтыру үшін жыланкөздің зондтау жүргізіледі. Егер зонд жыланкөзге 1-2 см енетін болса, диагноз күмән тудырмайды.
Жыланкөздер емін консервативтік емнен бастайды: калий перманганатының сұйық ертіндісімен ванналар жасайды және 5% йод ертіндісімен күйдіреді. Таңу пайдаланылмайды, себебі ол зәр жиналуына әкеледі. Толық емес жыланкөздердің көптілігі консервативті ем әсерінен жазылады. Консервативтік емнен нәтиже болмаған жағдайда, бала 6 айға толғаннан кейін, оперативтік ем жасау керек. Болжам дұрыс жүргізілген оперативтік ем кезінде қолайлы.
Сары уыз және зәр жылғаларының екі жақтылы облитерациясы кезінде, ол ақырындап созылады, іші секретке толады да киста түзіледі. Сары уыз жылғасының кисталары, зәр жылғасының кисталарына қарағанда жиі кездеседі. Әдетте олар ешқандай көрініс бермейді. Көптеген жағдайларда кисталар ішек өтімсіздігі, іріңдеу сияқты асқынуларға әкеледі.
Емі. Ішек өтімсіздігін қалпына келтіру, кистаны алып тастау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет