Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
Кіндік жарығы Кіндік жарығы - құрсақ қабырғасының алдыңғы дамуының ақауы, ол балаларда, әсіресе қыздарда жиі кездеседі. Кіндік жарығы барлық құрсақ жарықтарының 4% құрайды. Оның пайда болуы бұл аймақтағы анатомиялық ерекшеліктерге байланысты.
Кіндік түскеннен кейін кіндік сақинасы жабылады. Сақинаның төменгі бөлігі тығыз бітіседі. Бұл жерден екі кіндік артериялары, зәр түтігі өтеді және олар, сыртын қоршайтын эмбриондық тінмен бірге, тығыз, ал одан соң фиброзды тін береді. Бұл тыртықты тіннің төменгі бөлігіне қосымша тығыздық береді.
Кіндік сақинасының жоғарғы бөлімінен кіндіктік вена өтеді және, бұл бөлімде бұлшық етті қабат жоқ, сондықтан ол, төменгі бөліміне қарағанда әлсіз болады. Мұнымен қоса, бірқатар жағдайларда дамымаған іш фасциясы оны толық жаппайды. Фасция дамымаған кезде, оның тығыз емес аймақтарында тесіктер пайда болып жарық дамуына септігін тигізеді. Мұндай анатомиялық жағдайларда кіндік, алдыңғы іш қабырғасының әлсіз бөлігі болып, жарықтың пайда болуына жағдай тудырады. Бұл кезде, құрсақтың ішкі қысымын жоғарлататын әртүрлі сәттердің мәні үлкен. Бұлшық ет тонусының және тіндер тургорының бұзылуына әкелетін созылмалы аурулар да кіндік жарығы түзілуіне әсер етеді.
Клиникалық көрініс. Кіндік жарығы дөңгелек, немесе сопақ түрде әр түрлі өлшемде томпаюымен байқалады. Тыныш жағдайда және баланың жатқан қалыпында жарық томпаюы оңай ішке құрсақ қуысына қайтадан түседі және, осы кезде, қолға кіндік сақинасы сезіледі.
Көлемі үлкен жарықтарда оның үстіндегі тері созылған және жұқарған болады және бұл өз кезегінде ата-аналарында бала жылағанда және мазасызданғанда жарық қабының жыртылу қаупі туралы ой тудырады. Ата-аналары, жарық балаға ауырсыну әкеледі деп ойлайды да, көбінесе ерте оперативтік ем жасауды талап етеді.
Баланың субъективті сезімдері жарықтың түріне байланысты. Кейде пайда болатын жарық томпағы балада абыржу туғызады, бірақ тез орнына келетін кеңейген кіндік сақинасы кезінде жарық құрамы жарақаттанады және ауырсыну тудырады деп ойлауға негіз бола алмайды. Шеті ригидті кішкентай тесік баланың абыржуына барлық негіз бар.
Кіндік жарығы кезіндегі тактика, оның түріне және бала жасына байланысты. Көптеген жағдайларда кішкентай балалардың өсу үрдісінде жарықтың өздігінен жойылуы байқалады. Бұл іш пресінің дамуымен байланысты. өздігінен емделу 2-3, кейде 5-6 жаста басталады. Бұдан кеш уақыттарда кіндік сақинасы өздігінен жабылмайды, және оперативті ем жасауды талап етеді.
Кеңейген кіндік сақинасының жабылуына массаж және гимнастика әсер етеді. Бұлар іш прессінің дамуына және қатаюына әкеледі. Емді, бала 1 айға толғанда 1-3 минутқа 5-10 рет тәулігіне ішіне жатқызудан бастайды. Мұндай қалыпта балалар басын көтеруге тырысып арқа бұлшық еттерін жиырады және аяқ-қолдарымен қозғалыстар жасайды. Бұл өз кезегінде жалпы тонустың күшеюіне, бұлшық еттердің дамуына септігін тигізеді. Ары қарай емдік дене шынықтыру әдістерін, массаж және кешенді жаттығулар жасау дұрыс болады. Гимнастиканы шешесі де жүргізе алады. Гимнастика мен массаждан басқа дұрыс режим, ванналар, рационалды тамақтану қажет.
Емі. Соңғы кезге дейін кіндік жарығының оперативтік емі 2-3 жастағы балаларға жасаған дұрыс деп есептелінген. Қазіргі уақытта, балалар анестезиясы әдістерінің дамуына байланысты көптеген ауруларда, даму ақауларында да, кіндік жарығы кезіндегі хирургиялық тактиканың өзгеруіне де жағдай жасады. Егер тарылған кіндік сақинасы бар балада жарық қысылуына күдік тудыратын ұстамалары болса оперативтік емді барлық жаста, тіпті 1 айында да жасауға болады.
Кіндік және шап жарығы бар балаларда екі оперативтік емді бір сәтте қатар жүргізу керек. Кіндік жарығында, операцияны жалпы жансыздандыру арқылы жүргізеді. Жарық томпағы негізін астынан және бүйірінен алатын жартылай шеңбер бойынша кесу жүргізеді. Одан соң терінің мобилизациясын жүргізеді, аяқшаны бөліп алады, одан кейін жарық қабының кіндік терісімен жабысқан ұшын қалдырып, бөліп алады. Жарық қапшығы құрамын құрсақ қуысына кіргізіп, қапты тіліп-ашып оның қуысын қарайды. Қапшық мойынын жібекпен тігіп екі жағынан байлайды. Қапшықты кесіп алып, апоневроз шеттерін түйінді жібек тігісімен жақындатады. Жарық қапшығының шолағын (культясын) апоневроз астына салады. Теріге жібектен тігістер салады.