Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет47/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

а б
Сурет ІІІ. 2. Пилоростеноз:
а) жалпы тексеру
б) контрастты затты бергеннен кейін 2 сағаттан соң барий
ерітіндісінің асқазаннан ішекке өтуінің тежелуі байқалады

Науқасты тексеру кезінде оның асқазанының перистальтикасының сипаты мен өлшеміне мән беру керек, ал асқазан босаған кезде пилорикалық каналының өлшемін, ұзындығын, диаметрін анықтайды.


Тамақтың асқазанда көп тұруы және гиперсекреция салдарынан оның көлемі үлкейеді. Асқазанға дұрыс баға беру үшін көп уақыт бақылау қажет. Қалтқы стеноз үшін рентгендік белгі - «асқазан перистальтикасының сегменттенуі». Асқазан пішіні "кұм сағатына" ұқсайды. Бұл белгі барлық науқас балаларда кездеседі. Ол аурудың уакытына байланысты емес. Ал стационарға келген мерзімі өте кеш болса, перистальтиканың төмендеуі байқалады. Тексеру кезінде жіберілген контрасттық зат асказан перистальтикасының толқыны әсерінен 12-елі ішекке түспейді, сондықтан перистальтика асқазанның антралдық бөлігінде тоқталады.
Соңғы 15-20 жыл ішінде кейбір рентгенологтар гипертрофиялык пилоростеноз рентгендік белгі дағы қысылу мен қалтқы каналының ұзаруын диагностикасын білуде үлкен маңызды орын алады. (Цимбал О.А. 1959; Нагіmann, 1959 және басқалар). Осы кезде антрум түрі жіңішке «таспа» тәрізді болады.
Салыстырмалы диагностика. Пилорус стенозының негізгі клиникалық белгісі - құсу. Ол нәрестелер мен жаңа туылған балаларда пилороспазмда, псевдопилоростенозда, туған кезде алынған жарақатта, 12-елі ішектің ақауында, ішектің аяқталмаған айналымы және т.б. көптеген ауруларда кездеседі.
Пилороспазм.
Пилоростеноздың салыстырмалы диагностикасындағы қиындықтар тудыратын жағдайларға қарай отырып, оған ұқсас және ұқсамайтын аурулар да бар екендігін анықтауға болады, яғни кейбіреулерде пилорус гипертрофиясы болса, ал басқа біреулерде пилорикалық бөлімде спазм басым болады. Осы аурудың дамуында патологиялық жағдайы бірдей болады, яғни клинико-рентгенологиялық көріністерінде спазм компоненті немесе пилорус қабатының гипертрофиясы басым болуы мүмкін. Ұсынылған пікірлерге сүйене отырып пилоростенозды консервативтік емдеуде оң нәтижеге жетуге болады. Пилороспазмды өзіндік науқас деп қарауға болады.
1929 жылы Н.М.Лангова пилоростеноз бен пилороспазмның салыстырмалы диагностиканың кестесін ұсынды (кесте ІІІ.1). Осы кесте 30-40 жылдар бойы диагноз қоюда қолданылды.
Кесте ІІІ.1
Пилоростпазм мен пилоростеноздың салыстырмалы диагностикасы (Ланговой Н.И., 1929)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет