Балалардағы мегаколон. Мегаколон бүткіл тоқ ішектің барлық немесе оның бір ғана бөлігінің кеңейіп, сонымен қатар оның кабырғасының гипертрофияға ұшырауы (тоқ ішектің қалыптан тыс ұлғаюы). Тоқ ішектің бұл ауруын ең бірініші толық жазған Н.Нігсһrung (1887). Ол ауруды ғалым «megacolon congenitum idipaticum» деп атады.
Сырқаттың негізгі белгісі - нәжіс қатпасы. Алғашында, көптеген ғалымдар Гиршпрунг ілімін жақтап, аурудың себебі тоқ ішектің туа кеңеюі, сонымен қатар оның қозғалу және секрет шығару қызметінің бұзылуынан деп пайымдады (Р.Жуковский, 1903, А.И. Абрикосов, 1909, МР Ворок. 1914). Кейбір ғалымдар аурудың себебі тоқ ішектің туа кеңеюі, ал гипертрофия екіншілік болады деп дәлелдеді (В.Л.Боголюбов, 1908, Richter, 1898 және т.б.). Ең бірінші 1901 жылы Ғavalli мегаколон ішектің төменгі бөлігінің қозғалысының бұзылуынан болады деп кесіп айтты. Сонымен қатар ол өзгерістер ауэрбах жүйке жүйесінің өзгерісінен екенін айтты.
Мегаколон түрлерінің сыныптамасын толық дайындаған ғалым А.И.Ленюшкин, 1976 ж. Ол сыныптама бойынша мегаколон төмендегідей жіктеледі (Кесте ІІІ.4).
Кесте ІІІ.4. Мегаколон түрлерінің жіктелуі