Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет69/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Тік ішектің хирургиялық аурулары
Тік ішектің хирургиялық ауруларына мына патологиялар жатады: тік ішектің түсуі, тік ішек тесігінің жарылуы, парапроктит, геморрой, инфекциялық колит, полиптер, тік ішек жарақаты.
1. Тік ішектің түсуі- жас балаларда 1 жастан 5 жасқа дейінгі
аралықта кездеседі. Тік ішектің түсуіне себепкер - дағдылы нәжіс қатпасы, ішектің өтуі, тенезмдер (ішек инфекциялары). Осы көрсетілген жағымсыз жағдайлар сфинктердің жұмысының бұзылуына әкеліп соғады. Құрсақ қуысындағы қысымның артуынан, сфинктер етінің дегенеративтік өзгерісінен тік ішек айналып шырышты қабаты сыртқа түсіп кетеді.
Ауруды туғызатын жағдайлар: гипотрофия, тік ішек маңайында май қабатының азаюы. Сонымен катар жас баладағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктердің де маңызы зор: сегізкөз ойығы-ның аздығы, кұйымшақтың түзу тұруы, лордоздың аздығы, куық-тік ішек және қуық-тік ішек-жатыр шұңқырларының төмен жатуы т.б. Ұл балалар 2-2,5 есе жиі ауырады. (М.М. Ситковский, 1971).
Жіктелуі. Егер анатомиялык және клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып, келесі сыныптаманы колдануға болады (Ленюшкин А.И., 1976).
І. Анатомиялық түрлері және тік ішектің түсу дәрежесі
1) шырышты кабатының түсуі (ргоlaрsusnі)
2) тік ішектің өзінің түсуі (ргоlaрsus recit)
I дәрежелі - тік ішектің біразы шығу кезінде (2-2,5см)
II дәрежелі - тік ішектің 1-1/3 бөлігі түсуі
III дәрежелі – тік ішек түгел түссе.
ІІ. Клиникалық түсу дәрежесі
а) компенсаторлы — ішек тек дефекация кезінде шығады және өзі тез кіріп кетеді.
б/ субкомпенсаторлы - ішек дефекация кезінде және күшенгенде шығып, тек қолмен ғана кіргізіледі
в/ декомпенсаторлы- ішек дефекация кезінде және күшену кезіңде, жөтелгенде, түшкіргенде, күлгенде оңай шығып кетеді, сонымен қатар нәжісті және газды ұстамайды.
Аурудың алғашқы белгілері байқалмайды. Шырышты қабаты түскенде дефекациядан кейін өзі кіріп кетеді. Егер де тік ішектің барлық қабаты шығатын болса, ішектің шығып кеткен жері цилиндр немесе шар тэріздес болып, шырышты қабатында қызару, көгеру, ісіну байқалады. Шығып кеткен ішек орнына үзақ уақыт түспей түрса, шырышты қабаты қызарып, жарақаттанып, қансырау байқалады. Сонымен қатар эрозия пайда болуы мүмкін. Қысылып қалған ішек, ауырсыну симптомын байқатады, кей кезде ішек қарайып кететін жағдай да кездеседі.
Ажырату диагнозы сонша қиыншылық туғызбайды. Кей кезде, олақтық жасалса,шығып кеткен тік ішекті полиппен шатастыру мүмкін. Инвагинация кезінде де диагностикалық қателік болуы мүмкін, егер ішектің бір біріне кіріп кеткен бөлігі артқы тесіктен шығуы байқалады. Бірақ ерекше анамнезі, баланың жалпы жағдайының ауырлығы, тек инвагинацияға тән (ұстама ауырсыну, іш қуысында инвагинат болу, тік ішектен қан кету) клиникалық белгілер диагноз қоюда қиыншылық тугызбайды.
Емдеу. Тік ішек түсуін консервативтік емнен бастау қажет.
а) балаға дұрыс күтім қажет: баланы горшокқа отырғызбау, дефекация тек баланы бір жақ жанынан жаткызып жасалынуы, массаж, емдеу денешынықтыруларын жүргізу т.б.
б) шығып кеткен ішек бөлігін қолмен кіргізу
в) параРектальдық май қабатына 70°С спиртті Мезенев әдісі бойынша 3 жерден жіберу. Соның арқасында параРектальдық май қабаты склерозға ұшырап қатаяды да, тік ішекті ұстап тұрады.
Егер баланы дұрыс күтсе, консервативтік ем дұрыс қолданылған жағдайда, тік ішек түсуі 90-95%-ға емделеді (Аминов А.М., 1969 т.б.).
Операциялық ем өте сирек, тек ішек түсуінің Ш дәрежесінде, соның өзінде консервативтік ем көмек етпегенде ғана қолданыла-ды. Операция 5 жастан асқан балаларға жасалады. (Тирш әдісімен).
Тік ішек тесігінің жырылуы балаларда нәжіс қатпасында кездеседі.Ауруды туғызатын келеңсіз жағдайлар проктит және іш өту болуы мүмкін. Бұл кезде ішектің шырышты қабаты ісініп қызарып тез жарақаттанады.
Нәжіс қатпасында катып калған нәжіс тік ішсктің шырышты қабатын жаракаттайды. Ішек энтеробиозы кезінде қасыну немесе клизма жасау кезінде жарақаттану артқы тесік жарылуына әкеп соғады. Жарылу көбінде тік ішек тесігінің арткы дөңгелек аймағында орналасады және мектеп жасына дейінгі сәбилерде жиі кездеседі.
Клиникасы. Бала мазасызданады, арткы тесік аймағында ауырсыну байкалады. Ауырсыну, дефекация кезінде жиі кездеседі де, бала горшокқа отырмайды. Дефекация кезінде (аякталған уақытында) қан тамшысын көруге болады. Диагноз қоюда анамнез, тік ішек тесігін жай және саусакпен карау, жарылу жарасын көру көп көмек көрсетеді.
Негізгі ем - консервативтік ем:
а) баланы дұрыс тамақтандыру (егер нәжіс қатпасы болса
клеткачаткаға бай тамақты беру, вазелин майын беру)
б) жергілікті ем: жылы отыру ваннасы, анестезия аппликациясы,
новокаин электрофорезі, тік ішек тесігіне итмұрын майын жағу,
Вишневский және Шостаковский майын қолдану т.б.
в) спиртті-новокаин ерітіндісін жарылу жарасының астына Аминев әдісімен жіберу, сфинктерді күшпен жыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет