Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет66/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Долихосигма
Долихосигма - долихоколон (сигма тәріздес ішектің үзаруы) өздігінен нәжіс қатпасын тудырмауы мүмкін. К.А.Морозов және т.б.(1977) тексеруде болған балалардың 2,3%-нан долихосигманы тапқан. Кейбір дәрігер ғалымдар созылмалы нәжіс қатпасымен, қайталанып іші ауырған сырқаттардың 25-40%-нан анықтаған (Ленюшкин А.И., 1976, Кущ Н.Л.,1978). Сонымен тоқ ішектің ұзаруы әрқашан ауру болып саналмайды. Сондықтан долихосигманы қалыпты жағдайдың бірі емес, "аурудың алды», кемістік деп есептеген жөн.
Патоморфологиясы бойынша долихосигма - сигма тэріздес ішектің қабырғасының қалыңдап склерозға ұшырауы, сонымен қатар ішектің ұзаруы. Гистологиялық тексеру кезінде сигма тәріздес ішек қабырғасындағы ет талшықтарының миофиброзы, гипертрофиясы, шырышты қабатының дистрофиясы, жүйке жүйесінің жасушаларымен аз байланыстылығы анықталған. О.Р.Блау (1963) интрамуралдық жүйке жасушаларының біраз азаятынын дәлелдеді.
Клиникасы. Нәжіс қатпасы балаларда негізінде 1 жастан асқанда байқалады. С.С.Байль (1968) мәліметінше жиілікте созылмалы нәжіс қатпасы 40%-да бала 3-6 жасқа келгенде анықталады. 1ш ауырсынуы, метеоризм, жартылай ішек айланбалылығы белгілері 6-7 жасқа келгенде пайда болады. Аурудың 3 клиникалық сатысы бар:
а) компенсаторлық сатысы - өте сирек іш ауырсынуы, метеоризм болуы ықтимал. Бала негізінде сау деп есептеледі. Иррографияда – сигманың ұзаруы. Іш ауырсынуы клизмадан кейін байқалмайды.
б) субкомпенсаторлық - іш ауырсынуы біртіндеп 2-3 күнге созылады. Нәжіс қатпасы 2-3 жастан басталады, қыста жэне көктемде асқынуы мүмкін. Іш ауырсынуы жэне метеоризм жиі-жиі байқалады, тоқ ішекте нәжіс түрып қалады.
в) компенсаторлық –нәжістің тұрып калуы 3-5 тәулікке созылып,
кейбір балалар өздігінен дәретке отыра алмайды. Бала тек клизма
аркылы дэретке отырады. Қарыны біраз қампиып метеоризм анықталады. Кей кезде Гиршпрунг ауруына тән анемия, гипотрофия, дисбактериоз сияқты асқынулар болуы ықтимал.
Диагностикасы: а) иррографияда — 3-4 өрмелі сигманың ұзаруы, оның гаустралары жазылып кеңейеді, ішек босату қабілеті төмендейді (Сурет ІІІ. 22); б) электромиография - сигманың ет қабатының моторикалық тонусының азаюы.
Долихосигмада консервативтік ем негізгі болып саналады. Ол емді кайталап, курс ретінде жүргізеді:
а) баланы дұрыс тамақтаңдыру қажет: клетчаткаға бай тамақтарды - жеміс-көкөніс, жүгері, бидай дәндерінен жасалған ботқалар, өсімдік майын беру;
б) асқазан - ішек жолдарын жұмсартатын заттар - вазелин майы, өсімдік майы т.б.;
в) витамиңдер беру - В -тобы:
г) физиотерапия - парафин апликациялары, электростимуляция т.б.;
д) емдік денешынықтыруы — ішке массаж жасау;
е) ішек жүмысын жақсарту - прозерин, дибазол дәрілерін
параэнтералды қолдану.


Сурет ІІІ. 22. Ирригограммада сигма тәріздес ішектің ұзарып ілмек жасалғаны анықталады

Хирургиялық ем долихосигмада өте сирек: консервативтік ем көмектеспеген жағдайда, электромиограммада қайта орнына келмейтін сигма қабырғасындағы өзгерістерде қолданылады:. Радикальды операциялар - тоқ ішекке резекция жасау және Соаве-Ленюшкин әдісін қолдану.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет