Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
Спецификалық емес жаралы колит. Аурудың мұндай түрі 7 жасқа дейiнгi балаларда жиi кездеседi. Ауру төменгі энтериттiң немесе энтероколиттiң белгiсiмен басталады. Нәжiске алқызыл қан қосылып, кейде оған iрiң мен шырыш немесе iрiмтiк шырыш араласып шығады.
Iштегi ауру сезiмi күнiне 5-15 ретке дейiн болатын сұйық дәреттің (нәжiстiң) пайда болуымен, тенезм секiлдi iштiң бүрiп ауыруы арқылы байқалады. Бала қатты азып, салмағын жоғалтады.
Зертханалық әдістермен тексергенде гипохромдық анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жылдамдағаны көрiнедi. Сонымен бiрге, тұздардың алмасу үрдісі бұзылып, гипопротеинемия мен гипохлоргидрия байқалады.
Рентген әдісiмен тексеру. Тексерудi жуан iшекке барийдiң еретiндiсiн жiберу (ирригография) арқылы iске асырады. Онда iшек қысқарып, тарылып тұрғандай, гаустрациясы және қабырғаларының керiлуi азайғандай белгi көрінедi. Мұнымен бiрге, iшектегi контраст заттардың жүруi де баяулайды, пневдополипоз белгiсi табылады.
Арнайы тексеру - ректомоноскопия арқылы жүргiзiледi - шырышты қабаттан жарақаттың, немесе эрозияның белгiсi көрiнедi. Аспирациялық биопсия жасау арқылы диагноз толық анықталады.
Емдеу. Емдеу негізінен консервативтiк әдіспен жүргiзiледi. Iшектегi жара тесiлген жағдайда ғана хирургиялық емдеу тәсiлi қолданылуға тиiс.
Тiк iшектiң тiлiнуi. Ауырған балалардың алғашқы З жасында нәжiс қатпасы жиi кездеседi. Алғашқы белгiлерi, бала нәжiсiнiң тас түйiн болып қатып қалуы, оның бiрнеше күнге дейiн байқалмауы секiлдi белгiлермен басталады. Қатып қалған нәжiс тiк iшектiң шырышты қабатын жарақаттайды. Кей жағдайларда, диспепсия кезiнде тiк iшектің тiлiнуi байқалуы мүмкiн, өйткенi созылмалы диспепсияда, iшектiң шырышты қабаты iсiнiп қабынады да тез жарақаттанады. Тік ішектің тілінуі, кейде ішек құрттары пайда болғанда, iшi өтiп ауырғаннан кейiн де кездеседi.
Қан кету белгiсi алқызыл түстi қанның нәжiспенен араласып шығуы арқылы, немесе нәжiстен соң 2-3 тамшы қанның шығуы арқылы бiлiнедi. Диагнозды анықтауға негiз болатын белгiсiне нәжiс шығар кезде байқалатын, қатты қозып бiлiнетiн ауру сезiмiн жатқызуға болады. Сонымен бiрге сұқ саусақты тығып, тік iшектiң сфинктерiнiң жұмыс атқару мүмкiндiгiн анықтағанда, оның тонусының қатты күшейгендiгi байқалады. Балалар мазасызданады, дәретке отырған кезде жылайды, отырғылары келмейдi, нәжiсте қан тамшылары анықталады.
Зертханалық талдамаларда аса қатты өзгерiстер байқалмайды, кейде қан азайып анемияның бар екені анықталады.
Арнайы тексерулердi тiк iшектi мұқият тексеруден бастаған жөн. Тiк iшектiң шығар ауданының қыртыстарын кеңiрек ашып, көзбен көру керек, осы қыртыстардың арасынан ұзына бойымен орналасқан жарақат iздерiн, айналасының қанталап, қызарып тұрғанын байқауға болады. Кейде жарақаттың орны фибрин пленкасымен жабылып тұрады.
Емдеу. Емдеудi, баланың тамақтану төзімінен (режимiнен) (көкөнiс шырындары, вазелин майы, т/.б.), iштiң әр түрлi жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын емдерден бастайды. Сонымен бiрге, баланың нәжiсiн жұмсартып, үлкен дәретке отырудың күнделікті болуын болуын қамтамасыз ету қажет. Фурацилин, калий перманганаты бар жылы ваннаға отырғызады, ауырсынуды басу үшiн новокаинмен электрофорез жасайды. Анестезин, левомицетин араласқан балауызды тік iшектiң iшiне енгiзсе, ол тік iшек жарығының тез жазылуына әсер етедi. Кейде тік iшектiң (жиырылғыш аппаратын) сфинктерiн қатты керу iшектiң жарасын тездетiп жазуға мүмкiншiлiк жасайды. Сонымен қатар, тік ішек жарасы астына 700 спирт жіберіледі.
Ащы iшек пен тоқ iшектiң қосарлануы. Даму ақауларында мұндай қосарлану 75% жиiлiкте кездеседi. Көбiнесе iшек қосарлануы мықын iшекте болады. Iшектердің қосарлануы келесi асқынуларды бередi:
қансырау
iшек өтiмсiздiгi
перитонит.
Клиникалық белгiлерi. Іш ауырсынуы, құсу, нәжiсте қан болуы, құрсақ қуысында iсiктiң анықталуы.
Iшек қансырауының себебi - шырышты қабат жасушаларының эктопиясы салдарынан пайда болған эрозияның жараға айналып, қансырауы.
Диагностикасы - лапароскопия.
Емдеу – лапаротомия, iшекдің қосарланған бөлiктеріне резекция жасау, оларды бiр-бiрiне қайта жалғау.
Iшек ангиоматозы және Рандю-Ослер синдромы. Бұл ауруларда iшектiң шырышты қабатында қансыраған телеангиоэктазиялар болады. Диагноз қою өте қиын. Жас нәрестелерде көбiне бала шетiнеуiне әкелiп соғады, диагноз тек анатомиялық секцияда көрiнедi. Консервативтi ем қолданылады.
Пейтц-Егерс синдромы - ащы iшек пен мықын iшектiң полипозы. Бұл ауруда сонымен қатар, ерiн мен ауыз қуысының шырышты қабатында, терiде пигменттi дақтар байқалады. Полиптер асқазанда және тоқ iшекте болады. Полиптiң көпшілігінде6 емдi чистотел тұнбасын iшу арқылы тек консервативтi жүргiзедi.
Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы) - iш ағзаларының ауыруы арқылы бiлiнетiн түрi.Бұл ауру балалардың жасына қарамай кездесе бередi. Аурудың алғашқы белгiлерi баланың iшiнiң кебiңкiреп, тамыр соғысы жиiлеп, қан қысымының төмендеп, дене қызуы 38-400С деңгейiне дейiн көтерiлуі. Дене терiсiнде, қанталаған өте нәзiк қан ұю белгiсi бiлiнiп, оған қоса iш құрсағында бүрiп-бүрiп ұстайтын ауырсыну сезiмдерінің қозуы арқылы пайда болуыбайқалады.
Аурудың негiзгi белгiсi қан араласқан құсық пен нәжiстiң пайда болуы. Мұнымен бiрге гемартроз, геморрагиялық плеврит, қынаптан қан ағу, геморрагиялық диффузды гломерулонефриттердiң белгiсi де болуы мүмкiн.
Объективтiк тексерудiң нәтижесiнде iштiң кеуiп, сыздап ауырғаны бiлiнедi, тамыр соғысы жиiлейдi және жұмсарады. Бала құсады, ыстығы өте жоғары деңгейге - 38-400С-қа дейiн көтерiледi. Зертханалық тексерулер кезiнде қан талдамасында гипохромдық анемия, солға жылжыған нейтрофилдiк лейкоцитоз және эозинофилез көрiнедi. Қанның ұюы, қанау ұзақтығы қан ұйындысының ретракциясы қалыпты деңгейден өзгермейдi.
Қосымша зерттеудi лапароскопия жасау арқылы жүргiзуге болады. Бұл тәсiл басқа жолмен диагнозды анықтай алмағанда iске асырылады.
Емдеу консервативтiк жолдармен жүргiзiлуге тиісті.
Науқасқа қан тамырларындағы сiңiрлi тiндердi қалпына келтiретiн дәрiлер көптеп берiледi. Мұндай дәрiлердiң қатарына аскорутин, хлорлы кальций, гистаминге қарсы дәрiлер, витаминдер, глюкокортикоидтар енедi.
Гемофилия. Барлық жастағы балаларда кездесетiн ауру, алайда негiзiнен 2-4 жастағы ер балаларда байқалады.
Аурудың алғашқы белгiлерiне кiндiк жарасының ұзақ қанауы (бұл 4-6-ші күндерi кiндiк жарасы пайда болған уақытта бiлiнедi - Шлоссман белгiсi) және тiс жарған кезiндегi ұзақ қанау белгiлерi жатады.
Қан ағу белгiлерi, қан аралас құсу немесе нәжiстiң қан аралас болуы мүмкiн. Бұған клизма жасау, өңешке түтiкше қою секiлдi адамға аса қаупi жоқ iс-қимылдар да әсер етуi ықтимал.
Негiзгi ерекше белгiсiне - тiзе, шынтақ және тағы басқа да буындарға қан құйылуы жатады. Бұрындарда қанның жиналуы, осы буындардағы ауру сезiмiнiң қатты бiлiнуi, дене қызуының көтерiлуi және кейiнiрек буындардың пішінінің өзгеруi арқылы бiлiнедi. Қан жиналу, иық буын айналасындағы ет пен терiнiң арасында да байқалуы мүмкiн.
Зертханалық тексерулер жүргiзгенде, қанның ұю уақытының ұзарғаны, ал қан ағу ұзақтығы мен ұйыған қанның ретракциясының ұзақтығы қалыпты деңгейде кездеседi.
Емдеу консервативтiк тәсiлдермен жүргiзiледi. Ол гемофилияның А және В түрлерiне қарай ерекшеленедi. Егер гемофилиия А болса - VШ фактордың аз болғаны. Емдеу үшін қоюланған (концентрат түрiндегi) VШ факторды қанға құю, гемофилияның бұл түрiн емдеуде революциялық тәсiл болды. Бұл фактор лиофилизiрленген гемофилияға қарсы қанның плазмасын құю арқылы iске асырылады. Плазманы (қан сарысуын) жетiсiне 2-3 рет құю қажет, мiне осы жағдайда ғана қан тоқтату үрдісі өз қалпына келедi. Құюға керектi плазманың көлемi мына формула арқылы анықталады:
Е = ТŠ 0,50 х Х
Е - VШ фактордың керектi көлемi (бiрлiк түрiнде)
Т - баланың денесiнiң массасы (кг)
Х - көбейтуге қажеттi VШ фактордың қалыпты жағдайға қарағандағы пайыздық шамасы.
Егерде гемофилия IХ фактордың жетiспеуiнен байқалса, ол гемофилия "В" деп аталады. Гемофилия "А"-ға қарағанда ол 5 есе аз кездеседi. IХ фактордың тұрақтылығының мығым екендiгiн ескере отырып, емдеу нәтижесiнде оны бiр рет құюмен шектелуге болады. Гемофилияның ендi бiр түрi Виллебрандт ауруы деп аталып жүр. Бұл ауру сирек кездеседi, негiзгi белгiсi қан ағудың ұзақтылығымен байқалады. Ауруды, VШ фактордың азаюымен қатар, тромбоциттердiң ұстамдылығының нашарлауы қоздырады. Гемофилияның алғашқы 2 түрiнен айырмасы буындарға қан жиналу, гематурия, қан құсу белгiлерiмн бiлiнедi.
Емдеу қажет мөлшерде VШ факторды немесе криопреципитатты құю арқылы жүргiзiледi.
Кератиндi ретикулогистоцитоз (Гоше ауруы). Ауру мектеп жасындағы балаларда кездеседi, науқасқа шалдыққан бала бозарып, шаршап, жүрегi айнып, әлсiрей бастайды және қатар iш құрсағының сол жақ бөлiгi үлкейiп iсiнiп кетедi. Біраздан соң айтылған белгiлерге қан құсу, мұраннан, жатырдан, қынаптан қан кету белгiлері қосылады.
Гоше ауруының басты белгiсiне - науқастың өз жасындағы балалардан қалыңқы өсуi, терiсiнiң қою лимон түстiден қара қою, қола түске дейiн боялуы жатады. Аурудың бауыры үлкейедi, соған қарамастан науқас сарғайып, iш құрсағына сарысу жиналмайды.
Зертханалар тексерулер жүргiзгенде қан талдамасында гипохромдық анемия, лейкопения және тромбоцитопениялар анықталады.
Сүйектердi рентген тәсілiмен зерттегенде жалпы остеопорозды немесе сүйектi ұзыннан бойлаған периосталдық реакция табылады.
Арнайы зерттеудi, көк бауырды немесе бауырды, сүйектердi инемен шаншып, онан алынған тiндi микроскоппен тексеру арқылы жүргiзедi. Осы зерттелген тiндерден кератин жиналған Гоше клеткалары табылса, аурудың диагнозы толық анықталған болып саналады.
Емдеу жолы хирургиялық тәсiлмен атқарылады. Ең тиiмдi ем - көк бауырды алуға негiзделген спленэктомия операциясы.