Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет73/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Меккел дивертикулы (қалташасы) – iшек өсiндiсi. Ұрықтан нәрестені дамуы кезеңiнде эмбриональдық өзектер болады. Сары уыз өзегi ұрық бауына кiредi. Жатырдағы ұрық (нәресте) сары уыз өзегi арқылы қоректенедi. Сары уыз өзегi сары уыз қалтасымен жалғасады. Ұрықтың 3-5 айлығында сары уыз өзегiнде керi даму үрдісi жүрiп, жабылып қалуға тиiстi. Сары уыз өзегiнiң бiтелуінің бұзылуынан бiрнеше ақаулар пайда болуы мүмкін. Сары уыз өзегiнің барлық бөлiмi толық жабылмаса - кiндiктiң толық жыланкөзi байқалады. Ал егер проксимальдық бөлiгi жабылмаса, iшек өсiндісі, яғни Меккель дивертикулы пайда болады. Алғаш рет ащы iшек қалташасын немiс анатомы Меккель 1809 жылы сипаттаған болатын.
Патологиялық секцияда жағдайда Меккель дивертикулы 2%, ал операция кезiнде 0,1-0,3 % жиiлiкте кездеседi.
Бұл ауруда, ащы iшекте, соқыр iшек пен Баугин қақпасынан 60-120 см аралықта қалташа анықталады. Оның пішіні цилиндр немесе конус тәрiздес. Дивертикул кiндiкпен байланыста болуы мүмкiн немесе бос болады. Меккель қалташасының шырышты қабатының құрамында гетеротопикалық жасушалар, тіндер болуы мүмкiн (асқазан және асқазан асты безiнің жасушалары). Осы жасушалар эрозияға ұшырап, қансырау беруi мүмкiн.
Меккель қалтасы төмендегiдей асқынулар бередi:

  • дивертикулит

  • iшек өтiмсiздiгi (странгуляция, инвагинация)

  • жара, iсiкке айналу.

Ауру негiзiнен 1-3 жастағы балалар арасында жиi кездеседi. Ауруға төменгi iшек қансырауы белгiлерi тән: баланың нәжiсiнде көп мөлшерде, қан араласып шығуы байқалады, сәлден кейiн бала бозарып, әлсірей бастайды, есiнеп ұйқысы келедi, басы ауырады, шөлдейдi, қан қысымы төмендеп, жүрек соғысы жиiлейдi, кей уақытта кiндiк түбiнде бiрқалыпты сыздаған ауыру сезiмi пайда болады. Баланың iшiн сыйпап, саусақпен басып тексергенде, iш пердесiнiң қабынған белгiлерi анықталмайды. Ауру сезiмi, көбiнсе кiндiк түбiнде айқынырақ байқалады. Бауыры, көк бауыры үлкеймейдi.
Зертханалық тексерулер зерттеулердiң қорытындысынан анемияны, лейкоцитозды, эритроциттердiң санының 2-1,5 миллион деңгейге дейiн азайғаны байқалады. Рентгендік тексерулердiң нәтижесiнен айтарлықтай өзгерiстер табылмайды.
Сенiмдi және арнайы тексеру жолы жоқ болғандықтан сәйкес, диагноз анықталмаған жағдайда, құрсақ бетін тiлiп ашып, арнайы көзбе көз тексеру қажет.
Емдеу: iш ағзалары, асқазан және iшектердiң қанауы кезiнде, зерттеулердi жүргiзумен қатар, консервативтiк емдеу де жүргiзiледi. Ол үшiн қан тамырларына қан, плазма, дицинон, хлорлы кальций, аминокапрон қышқылы секiлдi қаннан алынған заттар, түрлi қан ұйытуды күшейтетiн дәрiлер егіледi.
Алайда, Меккел дивертикулы кезiнде консервативтiк ем аса жақсы нәтиже бере алмайды. Сондықтан, операция жасап емдеу негiзгi ем жолы болып табылады – лапаротомия арқылы дивертикулды қиғаштап кесiп алып тастау.
Меккел дивертикулын (Меккел қалташасын) кесiп алу және тiгу iшектi тарылтпайтындай етiп жасалуы керек. Операция кезiнде, Меккел қалташасын, қосымша iшектерден бітімді ажырату аса маңызды.
Меккел қалташасына арнайы қан тамырлары келмейдi, ол iшектiң шажырқайға қарсы бөлiгiне орналасады. Қосымша iшек шажырқай жақта орналасып, оған арнайы қан тамырлары келедi.
Тiк iшек өскiнi (полип). Ауру, балалардың жасына байланысты емес, дегенмен 2 мен 8 жастағы балалар арасында жиiрек байқалады. Науқастың алғашқы белгiсi – үлкен дәреттен соң тiк iшектен ал қызыл қан шығуы. Қанның көлемi 1-3 тамшыдан бiрнеше миллилитрге дейiн. Қанның көп көлемде және жылдам кетуі өскiннiң түбiнен жұлынып кеткен кезiнде байқалуы мүмкiн. Қалған уақытта қан кенет дәретке отырумен, яғни полипті нәжiстiң жарақаттауына сәйкес келедi. Егер балада қан кету үрдісі ұзақ уақытқа созылатын болса, науқас әлсiреп, бозарып, басы айналып, жүрегi айнып, лоқсып, құсатын болады. Диагнозды анықтауға баланың әлсiн-әлсiн үлкен дәретке отыруы, дәрет соңында тiк iшектен қан кетуі, баланың бозарып әлсiзденуi, қан қысымының төмендеп, тамыр соғысыың жиiленуi көмегiн тигiзедi.
Зертханалық тексерулерде қанда анемия үрдісі басталғаны анықталады.
Рентгендік зерттеу барийдiң ерiтiндiсiн тiк iшекке арнайы түтiкше енгiзу арқылы жасалынады. Бұл тәсiл ирригография деп аталады. Егер, тiк iшекте немесе жуан iшектiң басқа бөлiктерiнде полип (өскiнше iсiк) кездесетiн болса, iшектердiң рентген суретiнде дөңгелекше түрiндегi қосымша көріністер пайда болады.
Арнайы тексерудi, тiк iшектiң iшiн сұқ саусақпен барлау, ректоманоскопия тәсiлiн қолданып iшектiң iшiн көру арқылы жүргiзедi. Сұқ саусақпенен тік iшектiң iшiн зерттегенде полип саусаққа сезiледi. Ал ректоманоскопия тәсiлмен полиптi қарағанда, ол, қалыпты шырышты қабат түрiне қарағанда алқызыл түстi болып айқындалады.
Емдеу. Тiк iшектiң iшiн клизма арқылы арнайы тазалаған соң, ректороманоскоп арқылы полиптi түбiнен тiге байлап кесiп тастау қажет (полипэктомия). Полиптiң орнына 2-3 күнге дейiн майлы тампон (Вишневский майы) қалдырылып, ауыздан сұйық тамақ беріледі және клетчаткалы тамақ беру тоқтатылады. Содан кейін, 2-3 күн бойы, пiсiрiлген ет тағамдары беріледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет