132
өрлеуімен мақсат та жоғарылай бастайды. Сонымен, мақсат – өз қызметін
атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс: мақсат – бастау көзі,
педагогтың
кәсіби қызметінің бірінші элементі.
Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторы. Тәрбие
барысында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, іріктеп алған озық тәжірибесі
мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы
қарым-қатынасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру әрекеттері жүзеге
асады.
Тәрбие мақсаты педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай
өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және
оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді.
Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің
мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындайды.
Тәрбие мақсаты – бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол
жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мәселесі.
Мақсат – тәрбиенің
жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын
айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде
ара-қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді.
Қорыта айтқанда, тәрбиенің мақсаты нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі
(И.П. Подласый).
Тәрбие мақсаты жалпы және жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы
болып келгенде барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың қалыптасуын, ал
жекеленіп келгенде жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі замаңда
тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие
мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа
объективтік себептер әсер етеді. Олар – дененің физиологиялық жетілу
заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың
жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы. Тәрбие
мақсатын тұжырымдауда міндетті түрде табиғат, қоғам,
адамның объективті
даму зандылығына сүйену қажет.
Я.А.Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа
жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі)
және құдайға сиыну (діни тәрбие).
Дж.Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты– азаматты қалыптастыру.
И.Пестолоццидың көзқарасы бойынша, тәрбиенің мақсаты адамның табиғи
күш-қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуі қажет. Сонымен қатар ол
дамудың жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне
тоқталады.
Ал, И.Гербарт тәрбие мақсаты рақымды адамды қалыптастыруға,
қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген
тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар тәрбиелеу деген түйінге келеді.
Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг: «Ақиқат, сұлулық және
мейірімділікке өз ынтасымен қызмет ету» – деп анықтаған.
133
Тәрбиенің мақсаты – жеке тұлғаның әлеуметтік институт ретінде
қалыптасуын әлеуметтендіру,
мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік
тәрбие арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Көп уақытқа дейін тәрбиенің мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты
үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене
күші дамыған тұлға ретінде түсіндірілді. Әрине, бұл позиция – тәрбиенің негізгі
мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті
тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама
ерекшеленуіне әкеп соғады.
Тәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның
дамуы оқушылардың өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі
ретінде қарап педагогикалық басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек,
эстетиқалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде
қарастырылады. Кімді және қалай тәрбиелеу керек – бұл қоғамның маңызды
мәселесі.
Адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам кез келген мемлекеттің
байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі, сол елдің
мақтанышы. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген жас тәрбиеленушінің білімді,
мәдениетті дене тәрбиесі мықты болуы шарт.
Тәрбиелілік – иман жүзді, адамгершілікті, өзін өзгенің орнына қойып, оны
түсіне білу.
Сонымен тәрбие жеке тұлғаны өмірге дайындап, қоғамда өз орнын
таба білуге үйрету және әрбір әрекетімен, қызметімен өзіне, қоғамға пайда
келтіріп, адамгершілік қасиеттерді дарытып, жағымсыз әрекеттерден арылту
болып табылады. Қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені аға буын
өскелең ұрпаққа беруі қажет. Осы тәжірибе мен білімді меңгеру тәрбие процесі
арқылы жүргізіледі.
Жас ұрпақты тәрбиелеу адамзат қоғамының өмір сүруі және үдемелі-
индустриялы дамуы үшін қажетті шарт болып табылады.
Тәрбие –
қоғамның, материалдық өндірістің үздіксіз дамуын қамтамасыз
ететін фактор, күш-құрал. Тәрбие өзінің мазмұны, мақсаты мен сипатын әр
қоғамдық құрылыс пен формацияларға сәйкес өзгертіп отырады. Сондықтан
тәрбиені тарихи феномен ретінде қарастырады.
Таптық қоғам дамуының тарихи сатысында жас ұрпақтың тәрбиесі, білім
алуы таптық сипатта болды. Оның мақсаты мен бағыты үстем таптың саясаты
негізінде құрылады. Ол үстем таптың қоғамдағы саяси-экономикалық
үстемдіктерін орнатудағы басты құралдардың бірі болып келеді.
Тәрбие – қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық
жағдайларынан
туындайтын объективті процесс. Тәрбие деп
тар мағынада
тәрбиешінің және
тәрбиеленушінің ата-аналармен бірігіп, жоспарлы түрде жүргізілетін тәрбие
жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана тәрбиеші және
ата-аналар шұғылданып қоймайды, әртүрлі қоғамдық ұйымдар және қалың
жұртшылық болып айналысады.
Тәрбие – кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның,
мектеп пен
ата-аналардың, бүкіл бұқараның жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал
етуі (55-сурет).
134
Тәрбие тар мағынада емес, кең мағынада, бір жақты емес, кең көлемде,
яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке
тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің
нәтижесі ретінде көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: