И.Г.Песталоцци: «Тәрбиенің мақсаты – балаға бастауыш білім, еңбек,
ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту» – деп ерекше
атап көрсетеді.
Неміс педагогы
А.Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі
сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, мектептің міндеті –
адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу екендігіне
баса тоқталды.
Ресей педагогы
К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің мақсаты – қоғамға пайдалы,
адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу» – деп, адамгершілік тәрбиесін
ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырады: «Жақсы әдет –
адамның нерв жүйесіне жиған адамгершілік капиталы: бұл капитал үздіксіз өсе
береді және оның проценттерімен адам өмір бойы пайдаланады. Әдет капиталы
пайдаланудан өсе түседі және экономикалық өмірдегі мүлік капиталы сияқты
адамға өзінің аса бағалы күші – саналы ерік күшін барған сайын жемістірек
жұмсауға және өз өмірінің адамгершілік құрылысын әр жолы ірге тасынан қайта
бастамай және өз санасы мен ерік күшін өзі бір рет жеңіп шыққан