Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет207/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Ғылыми дүниетаным
 
– 
қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой 
дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар 
жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау – болжам, аксиома, әртүрлі 
табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми 
негізін құрайтын кез келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары 
ретінде қалыптасады.


148 
Оқушылардың өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс 
және адамгершілік қалып, олардың практикалық іс-әрекетіне үлкен ықпал 
жасайды. Өйткені осы ортада әрбір оқушы өмір сүреді, тіршілік етеді. Бұлардың 
бәрі оқушылардың еңбегі, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін дұрыс 
ұйымдастыруда өмірлік тәжірибесі артады, іскерлігі және дағдысы дамиды. 
Олар жинақталған адамгершілік идеяға төселу үшін өздерінше жете түсінуге, 
шындық іздеуге, өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық 
істерде әділетті, адал болуға тырысады.
Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты 
оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің 
болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Өмірде бір анадан туған егіз 
балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, 
өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше 
даралаған жеке тұлға деп қарастырамыз.
Жеке тұлғаның белсенділігі қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми 
жаңалық, өнертабыстық, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне 
айналады. Жеке тұлғаның белсенділігі адамның әр алуан іс-әрекетінде көрініс 
табады. Жалпы жеке тұлғаның іс-әрекетіндегі қарым-қатынас белсенділігі оның 
маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды. Олар: адамгершілік; 
қайырымдылық; қамқорлық; адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілігі. 
Адамның саналық, тұлғалық қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып 
табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі 
дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір 
адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Жеке 
тұлғаға тән қасиеті – ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап 
бағалауға бейім тұруы, мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі 
жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының 
нәтижесі. Жеке тұлға – сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға 
жинақталған көрінісі. 
И.Ф.Харламов әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі 
интеллектуальдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасатынын баса айтты. Ал 
көзқарастар болса өз кезегінде оның рухани мәдениетінің, оның «Мен» деген 
сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарының, ар-ожданының негізін 
құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет