отбасы төмендегідей белгілі
қызметтерді атқарады:
- қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру: тек жалғастыру тума
әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі;
-
шаруашылық-экономикалық : ортақ шаруашылық және қаржы
пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды
қамсыздандыру;
-
тәрбиелеу : отбасының әр мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдай
жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасау; өмірлік
тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу;
-
қарым-қатынас құру (коммуникативті): отбасы ішіндегі қатынасты
түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен
байланысын ұйымдастыру;
-
қайта қалыпқа келу (рекреативті): бос уақыттарындағы демалыс
іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын
күту шараларын қамтамасыз ету.