Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне,
әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және қауымдастыққа тән талап-тәртіп
ұстанымдарына байланысты төмендегідей қызметтерді атқарады:
1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының
бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің педагогикалық көзқарасын
баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету
бағдарламасы, тәсілі және тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен
бірлесіп, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол
сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру
мүмкіншілігі қарастырылады.