Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогикалық ұжымның төртінші ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет297/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Педагогикалық ұжымның төртінші ерекшелігі
 

 
белгілі бір 
педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауы. Бұл жағдай 
мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытып, 
кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады. Бақылау 
нәтижелері көрсеткендей, соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыттың 
жетіспеуіне байланысты баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттер сатып алуы, 
олардың кино, театр, мұражай мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті.
Сурет-88. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
Тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, 
парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, 
мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер жеке тұлғаның бейнесін 
қалыптастыру.
Бұл орайда ата-аналардың рөлі айрықша. Мектеп жанынан құрылған
ата-аналар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің 
бастамасы болуда. Орта мектеп пен отбасының тәрбие берудегі біріккен
іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: 
біріншісіне – оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру 
арқылы әсер ету жатса, екіншісіне – тікелей әсер ету жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет