211
да «оқу процесі» түсінігіне толық және жан-жақты анықтама беру қиындау.
Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі»
ұғымына орай
төмендегідей анықтама қабылданған: «Оқу процесі – білім беру, игеру,
тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен
оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс-әрекет».
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи
байланыстағы екі түрлі әрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын
меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-әрекеттері және оқып үйрену –
білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-әрекеттері.
Бұл екеуі арасындағы
байланыстырушы тетік – бірлікті іс-әрекеттерді жанамаластыратын оқу
мазмұны.
Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері
болып есептелетін, әрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білім,
ептілік және дағдылар жатады.
Оқып-үйренудің аса маңызды элементі – түрткілер (мотивтер).
Қандай да
оқу әрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы
түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, әрі сан
қилы. Олардың әрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз
ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады.
Ақыл-ой әрекеттеріне ынталандырушы түрткілер қатарында танымдық
қызығушылықтар мен қажеттіліктердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары
деңгейде дамуы үшін шынайы ғылыми мазмұн
және педагогикалық мақсат
бағдарында ұйымдастырылған белсенді де дербес таным қажет.
Достарыңызбен бөлісу: