Педагогика
03.03.2023 ж
Тобы: БК-215
Сабақ тақырыбы: Дидактика. Дидактика туралы ұғым.
Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, «үйретуші» деген ұғымды білдіреді. Алғаш рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін білдірген. Ал, Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретуші әмбебап өнері» деп түсіндірген. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінді танылған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр.
Олар :
неге үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу;
қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса- қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде.
Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген :
оқыту, оқып- үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды ;
сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдістері, құрал-жабдықтары, нәтижесі.
Дидактика – бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал- жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нәтижесіне негіз болар тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші әдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал - жабдықтарын белгілейді.
Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады:
теориялық (диагностика және болжастыру)
практикалық (қалыпты іс- әрекет, құралдар дайындау)
Жалпы дидактиканың зерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары және соның арқасында жетілген нәтижелерімен бірге анықтау.
Жекелеген дидактика оқыту әдістемесі деп аталады. Ол әр түрлі оқу пәндерінің желісін, мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін қарастырады. Әр оқу пәні өз әдістемесіне ие.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сабақ жүйесі баяндалған.
ХҮІІғ. Швейцар педагогы И.Г.Песталоцци (1746-1827) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.
ХІХ ғ. неміс педагогы Ф.Дистервек (1790-1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнекілік, еліктіргіш, жігерлік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу т.б.
К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты. Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.
Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог- ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов т.б. өз замандарында үлестерін қосты.
М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітабы алғаш 1922 ж Қызылжарда жарық көрді. Осы еңбегінде «Дидактика» және әдістемелерін оқыту мен білім берудің негізі деп қарастырған.
Оқу процесі - оқыту барысында білім беру, игеру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат - бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл- ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесінің құрылымы және бөліктері:
-ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі
-мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым- қатынасы
-оқушылар, сынып ұжымы
-оқыту әдістері
-оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары
-оқыту нәтижелері.
Тапсырма: 1. Дидактиканың ғылыми негіздеушілер туралы педагогикалық әдебиеттер
мен оқулықтарды пайдаланып,толықтыру конспектасын жазу
2. Дидактиканың негізгі ұғымдарына сипаттама беріп,сөздікке түсіру.
Әдебиеттер,сілтемелер :
1. Ш.Құрманалина ,Б.Мұқанова «Педагогика»
2.kitaphana.kz>236-pedagogika>3…
3.www. tarbie.kz >…
4. baribar.kz>…>Педагогика
Достарыңызбен бөлісу: |