Тəрбие құрал-жабдықтары бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері



Дата05.02.2022
өлшемі24,24 Kb.
#130820
Байланысты:
тәрбие құралдары
Самал кукык онлайн сабак 2021, Самал кукык онлайн сабак 2021, Бағалау парағы, ел ертеңі жастар, жас маман жоспар, жас маман жоспар, Ғылыми жоба, тарих, тарих, 00074ea1-4d61d000, osh sor himija emn 10-klass kaz, Документ Microsoft Word (2), Кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалардың өрбу барысына көз жүгіртер болсақ, ӘНХ (2)


Тақырыбы : Тәрбие құралдары
Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құрал-жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт.
Педагог даралығына негізделген əдістер мен құрал-жабдықтар бірлігі тəрбиелік іс-əрекеттер формасына арқау болады.
«Форма» терминінің мəні: 1) тəрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) тəрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тəсілдері мен тəрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тəрбиеленушілердің ұжымдық жəне жеке-дара іс-əрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, форма – бұл тəрбиелік істер процесіндегі тəрбиеленушінің тəрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.
Тəрбиелік жұмыстар өз кезегінде төмендегі аталған тəрбиелік қызметтерді орындайды:
- ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тəрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды əрекеттерінің қисынын (логикасын) бейнелейді;
- реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде əлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тəрбиешілер мен тəрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
- ақпараттық: тəрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тəжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.
2. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама
Тəрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тəуелді:
- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);
- тəрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;
- педагогтың ықпал жасау тəсілі: тікелей, жанама;
- нəтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мəнді өнім;
- қатысушылар саны: жеке-дара (тəрбиеші –тəрбиеленуші), топтық (тəрбиеші –оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тəрбиеші –бірнеше топ) формалары.
Қатысушылар санымен ажыралған тəрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Жеке-даралықты тəрбие формалары: əңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жəрдем, проблема шешімін бірлікті іздестіру. Тəрбиеші міндеттірі: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.
Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: дəстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті-ролдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.
Топтық тəрбие формалары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тəрбиеші міндеттері: əр оқушының өзін танытуға жəрдемдесу, топ мүшелерінің бəріне бірдей мəнді нəтижеге жету жағдайларын жасау.
Ұжымдық тəрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, əн-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары.
Тəрбиелік іс-əрекет формаларының əрбіріндегі тəрбиешінің ролі мен орны əрқилы. Олар тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тəрбие мақсаттарына байланысты.
Тəрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тəрбиеленушілер ересектермен бірлікте жəне олардың басшылығында жаңа тəжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды.
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар əдістемесі негізін қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге жоспарлау, жұмысты өткізу жəне бағалау, өмірлік маңызды міндеттер шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды.
Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау жəне өткізу бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды.
Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады.
Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының , құрал-жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады.
Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тəрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтыған жеке-дара, топтық, ұжымдық іс-шаралар жүктеме ретінде тапсырылады.
Бесінші кезең – тəрбиеленушілердің бəрі өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі.
Алтыншы кезең – дайындалған тəрбиелік шығармашыл іс өткізіледі.
Жетінші кезең – тəрбиелік іс-шара өткізілгеннен соң ынталы топ жəне ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.
Аталған жеті кезеңнің əрқайсысының орындайтын өзіне тəн міндет, қызметі бар. Атап айтсақ, бірінші кезеңде - өзіндік басқару кешенін түзу тəжірибесі қалыптастырылады, тəрбиеленушілер өз тұлғалық қасиет-сапаларын бағалауға үйренеді; екінші кезеңде –топтық жоспар жасау қабілеттері дамиды; үшінші кезеңде –қызмет бабына, іскерлікке дағдыланады, табыс берер шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде - əлеуметтік тəжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастырушылық сапалары тұрақтанады; бесінші кезеңде – танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой-пікірлерін хаттау, іс-шараға сай безендіру əрекеттері нығайып, тəрбиеленушілердің өзара қатынастарынан іскерлік сапалары байи түседі; алтыншы кезеңде - əртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға араласа отырып, тəрбиеленуші өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетінші кезеңде - өз əрекеттері мен ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.
Ұжымдық шығармашыл іс-əрекеттерді ұйымдастырушының төмендегі технологиялық ұстанымдарды ескергені жөн:
- ұжым мүшелерінің саны 7-9-дан 25-30 адамға дейін болуы мүмкін. Қатысушылар саны шектен тыс көбейіп кетсе, іс тиімділігі күрт төмендейді;
- ұжымдық шығармашыл жұмысқа қатысушылардың жеке тұлғалық даму мақсаты басты назарға алынуы шарт;
- шығармашыл мəселе, міндеттер тəрбиеленушілердің өздері тарапынан анықталып, белгіленгені дұрыс;
- əрбір тəрбиеленушіге өз қызығулары мен тілектеріне сəйкес жұмыс түрлерін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Жоғарыда баяндалған технология форма тұрғысынан əрқилы тəрбиелік шараларды өткізуде пайдаланылуы мүмкін (əртүрлі тақырыптағы сынып сағаттары; конференциялар; поэзия, əн-күй, би; ауызекі журналдар; конкурстар; əйгілі адамдармен кездесу; құрбы-құрдастарымен, мектеп түлектерімен дидарласу жəне т.б.).
Соңғы жылдары тəрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең тарап, мектеп тəжірибесіне енуде:
Көпшілік тыңдарман тəрбиеленушілерге арналған дəрісбаяндар : əдемі əрі сəнді жағдайда 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат тəрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.
Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқылау үшін қолданылады.
Фəлсафалық бас қосу – тəрбиеленуші өмірінің мəн-мағынасын тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат-кеңес.
Белгілі тақырып бойынша пікір-сайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.
Интеллектуалдар саудасы – ақыл-ес əрекеттерін жарыстырудың ойын формасы. Ұсынылған «тауарды» – кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы жəне т.б. «сатып алу» үшін, қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс.
Мамыра жай əңгіме- сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу, тəлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат.
Даналар күні – арнайы күні, ұлы ғұламалар мерейтойларына орай өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.
Кесірлі дөңгелек стол – алдын ала жинақталған пікір таласты материалдар негізінде заманның көкейкесті проблемалары жөніндегі тəрбиеленушілердің пікірін біліп, олар бойынша талдау салуға арналған сөз-жарыс.
3. Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау
Тəрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тəрбиеші алдында тұрған күрделі мəселе. Тəрбиелік іс-əрекеттің тиімді болуы осы мəселенің дұрыс шешіміне тəуелді.
Тəрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат- олардың білім беру, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой-толғаныс əрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше дербес қарым-қатынас жасауға жəрдем беруі.
Тəрбиелік істердің əрбір жекеленген жағдайларында өзіндік ерекшеліктерімен, қызығулары жəне мүмкіндіктерімен дараланған əртүрлі тəрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан ересектердің өздері де балалар сияқты қайталанбас сыр-сипатқа ие. Бұдан шығатын тұжырым –тəрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін көрсетпе –нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің дайын сценарийлерін ойсыз пайдалана, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар жалықтыратындай бір текті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тəжірибеде сыналып, тиімділігі сенімді тəрбиелік жұмыс формаларының кейбір идеалды не заттай элементтерін заман ыңғайы мен тəрбиеленушілер ерекшеліктеріне сəйкестендіре пайдаланған ойға қонымды . Мүмкін болғанша, іс-шара формаларының тəрбиеші мен балалар ұжымының өзара ықпалдастық қатынастары барысында туындағаны пайдалылау. Себебі, қалаулы істің орындалуы да қызықты.
Тəрбие формаларын іріктей отырып, дəл мезеттегі нақты тəрбие міндеттері мен тəрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс-əрекет түрлерін; тəрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін, балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен қажеттерін; материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар жəне ата-аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Тəрбиенің қай формасы болмасын, ол өзіне сай нақты іс-əрекет əдіс, тəсіл, жол-жобаларын пайдалануды қажет етеді жəне бұлардың бəрі сол əрекетке қатысушылармен бірлікте іске асқаны жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет