Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
Әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.
А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына пед/лық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтижер беретін әдістерді енгізген.
Тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
Мінез-құлық пен іс –әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз– әдістің бір бөлігі.
Тәрбие тәсілдері:
Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін,оларға жетудің жолдарын ұсыну.
Ақпараттық – ағартушылық.
Бағларлау - іс-қызмет.
Қатынас
Бағалау
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін – қолданып мұғалім оқушыларды идеялық аламгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызмет мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді.
Бағдарлау– іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады.