Екінші сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні: 15.03.2017 ж.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: «Қазақ тілі»
Тақырып: Сәлем-сөздің анасы. Мынау кім? Мынау не?
Бағдарламалық міндеттер:
Білімділік: Балаларды қазақша амандасып, қарапайым сұраққа жауап беруге үйрету.
Дамытушылық:сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: достыққа тәрбиелеу.
Сабаққа арналған материалдар: ұлттық киімдегі қуыршақ, суретті сөздіктер.
Билингвальді компонент: Сәлеметсіз бе!, Сәлеметсіздер ме! Ұл-мальчик, қыз-девочка, мынау не? Мынау кім?
Әрекет кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық -қозғаушы
|
Қуыршақ ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арнайы қонақ болып келеді.
-Сәлеметсіңдер ме? балалар!
Бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айгөлек келеді. Кәне, бәріміз Айгөлекпен амандасайық.
-Сәлеметсіз бе!
Қуыршақ Айгөлек:
Сендерге мемлекеттік тілді үйренуге көмектесемін, алдағы жұмыстарына табыс тілеймін.
2. «Танысу» д/ойыны
-Сенің атың кім? (Балалармен танысу).
|
Балалар таңырқай қарап, қызығушылық танытады.
-Сәлеметсіз бе!
-Сәлеметсіз бе!
-Менің атым –Маша!
-Менің атым – Кирилл.
|
Ұйымдас-тырушылық –
ізденіс
|
«Тыңда, көрсет, қайтала» дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға қуыршақтың суреті ілінеді. Балалар педагогтің сұрақтарына жауап қайтарады.
-Мынау не?
-Қуыршақ ұл ма, қыз ба?
Дыбыстық жаттығулар.
-ҚУ-ҚУ-ҚУЫРШАҚ
ҚЫ-ҚЫ-ҚЫЗ
Сергіту сәті
Мен әдемі қуыршақпын,
Би билеймін көңілді.
Ұл мен қыздар тыңдайды,
Бірге билеп зырайды.
|
Қуыршақтың суреті.
-Қуыршақ.
-Қыз.
Балалар буындар мен сөздерді бірге қосылып және жеке-жеке қайталайды.
Өлең жолдарын балалармен бірге қайталап, қимылдар жасайды.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
«Сұрақ-жауап» дидактикалық ойыны.
-Мынау кім?
-Мынау не?
-Балабақшаға келгенде қалай амандасамыз?
-Мынау кім?
-Балабақшадан кетерде қалай қоштасамыз?
|
-Мынау – қыз.
-Қуыршақ қыз.
-Сәлеметсіз бе!
-Мынау – ұл.
-Сау болыңыз!
|
Күтілетін нәтиже :
Білуге тиіс: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біледі.
Талапты болу: қазақша амандасу (Сәлеметсіз бе!), қоштасу (Сау болыңыз!) түрлеріні талабы болу, «Мынау кім?» сұрағына жауап беру арқылы ұл, қыз сөдерінің мағынасы болу.
Қолынан келуі тиіс: бір-бірімен қазақша амандасып, қарапайым сұраққа жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |