Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет302/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Гигиеналық дағдылар
: денені таза ұстау және т.б. 
Оқытудың заңдылықтары Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер, И.Ф.Харламов 
және И.П.Подласыйдың ғылыми педагогикалық еңбектерінде кең көлемде 
баяндалған (89-сурет). 


212 
Сурет-89. Оқыту заңдылықтары 
Оқыту процесінің заңдылықтары

1. Оқытудың мақсат-міндеттері қоғам талабынан туындайды. Оқытудың 
мазмұны мен амал-тәсілдері және ұйымдастыру формаларының өзгеріп, 
жаңарып, толығып отыруы заңды процесс болып табылады. 
2. Оқытуда оның білім беру, тәрбиелеу және даму қызметтерінің өзара 
байланыста болуы. 
3. Оқыту процесінде баланың таным белсендігі артады, ақыл-ой қабілеті 
дамиды, ғылыми ұғымдарды, олардың мәнін, ерекшеліктерін түсініп, меңгереді. 
Бұл да оқытудың заңдылығы. 
4. Оқыту – тәрбиенің негізгі құралы. Сондықтан оқытуда тұлғаның жеке 
басының қалыптасып дамуы да заңды процесс. 
5. Оқыту барысында әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін ескеру, 
соған байланысты таным әрекетін ұйымдастырып отыру да заңдылық болып 
есептеледі. 
6. Оқытудың адам және табиғаттың жалпы даму заңдылықтарына 
байланыстылығы, бұл да шынайы заңдылық (90-сурет). 
Оқытудың принциптері – дидактиканың негізгі буыны. Себебі, оқыту 
процесінде кез келген мұғалім оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және 
ұйымдастыру формаларын өз қалауынша таңдамайды. Керісінше, ол оқытудың 
мақсат-міндеттеріне сай қалыптасқан белгілі талаптарға немесе ережелерге 
сүйеніп іске асырады. Солардың ішіндегі оқытудың көрнекілік, жүйелік, 
бірізділік, саналылық, белсенділік принциптерін Я.А.Коменский ұсынған. Ол 
«Ұлы дидактика» атты ғылыми еңбегінде дидактикалық принциптерінің 
жүйесін құра отыра, оқыту адам және табиғат дамуының жалпы 
заңдылықтарына сай құрылатынын тұжырымдайды. 


213 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет