Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет294/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Отбасы мен 
мектептің 
бірлігінің
белгілері 
Ортақ
шарт
Түсіністік
Бірлескен 
әрекет
Бірлесе
ықпал ету
Сөз бен 
істің бірлігі
Серіктестік
Ынтымақ-
тастық
Ортақ 
мақсат
Ортақ 
көзқарас
Бірін-бірі 
сыйлауы
Бірін-бірі 
қуаттауы
Сыйластық
Ортақ 
қызығушылық
Өзара
көмек
Өзара
келісім


205 
тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары 
белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. 
Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының
оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары балалар және ата-аналар 
комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады. 
 
Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің 
рөлі. 
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың 
тәрбиелік мәні зор. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата-аналарды 
психологиялық-педагогикалық 
білім 
және 
тәжірибе 
жаңалықтарымен 
таныстыру, ой қорыту. Ата-аналар қауымының тұрақты органы – ата-аналар 
комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге, оқу-тәрбие және жұртшылық көмегін 
пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың 
шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін 
қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелерге мектеп 
және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстары, конференциялар, 
семинарлар өткізуге көмектесу; үлгермейтін және қиын балаларды назарда 
ұстау, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме жұмыстарын басқару; 
балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсия, жорықтарды 
ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу және т.б. жұмыстар жатады.
 
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен 
комиссия құрылып, мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым 
мүшелерімен одақтасып бірге басқарады. Ата-аналармен ұйымдастырушылық-
педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-
аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге 
асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан 
тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік немесе сыныптық жиналыстарда 
сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын төрағадан 
және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда, ата-аналар комитетінің 
жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
 
Тәрбиешінің тәрбиелік жұмыс жоспары – міндетті педагогтік құжат. 
Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді.
 
Тәрбие жұмысы – күрделі процесс. Оны жүйелі жоспарлау оқушыларды 
жан-жақты тәрбиелеуде жемісті нәтиже берері сөзсіз. Сынып жетекшісінің 
ойланып жасаған тәрбие жоспары оқушылардың психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктерін бақылаудың бір түрі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмыстарын 
жүзеге асыруы үшін оқушының отбасы жағдайын зерттеп, отбасы туралы 
мәліметтерді біліп отыруы қажет. Зерттеу барысында олардың тәрбиелік деңгейі 
анықталады (10-кесте). 


206 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет