Әңгімелесу
әдісінің
артықшылықтары:
ес
пен
тілді
дамытуы; оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі; белгілі болуы;
жақсы диагностикалық құрал, үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
уақыттың көп кетуі;
қауіп элементі бар
(оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап
қалады).
Түсіндіру
– жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың
жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мұғалім оқушыларға таныс емес
құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа
материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең
қолданылады. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады,
бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар: сұрақтарды дәл және анық
тұжырымдау, себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру, салыстыру,
қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану, жүйелілік.
Достарыңызбен бөлісу: |