Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Қазіргі заманғы дидактикада оқыту
әдістерін жіктеудің сан алуан тәсілдері. Оқыту әдістеріне сипаттама: сөздік,
көрнекілік, практикалық. Оқыту әдістерінің, құралдары мен тәсілдерінің
өзара байланысы. Оқыту әдістерінің дидактикалық, психологиялық және
технологиялық аспектілері.
Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30
жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу,
зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар кітаптан, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп
өткен ғасырдың 20-30 жылдарында Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант, М.А.Данилов,
Б.П.Есипов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, И.П.Подласый дидактикалық мақсатқа
жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды (107-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |