Оқытудың инновациялық интербелсенді әдістері: пікірсайыс, тренинг,
диалог, дебат, пікірталас, т.б. Оқыту әдістерін таңдау мәселелері.
Мұғалімнің оқытудың қозғаушы тетіктерін тиімді басқаруындағы
әдістемелік және технологиялық құзыреттілігі.
Оқытудың сапасын арттыру мақсатында оқу-тәрбие процесінде
инновациялық интербелсенді әдістері пайдаланған тиімді: пікірсайыс, тренинг,
диалог, дебат, пікірталас,
миға шабуыл, іскерлік ойындар, және т.б.
Тренинг әдісі –
белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарында
қолданылатын әдіс. Тренинг әдісінің ерекшелігі – тренингке қатысып отырған
оқушылар өз ойларын ашық айтып, белсендік танытуы.
Тренинг
әдісі
оқушылардың
белсенділіктерін,
танымдық
қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады.
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде оқытудың диалог әдісі
оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің
өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |