Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет408/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Пікірсайыс әдісі
– белгілі тақырып көлемінде арнайы ережелермен 
шектелген сөз жарыстыру, білім таластыру өнеріне негізделген әдіс. Қазіргі 
таңда пікірсайыстың әртүрлі форматтары бар. Олардың барлығы жаңа заман
педагогикасындағы “субъект-субъект” принципіне негізделген. Пікірсайыс
мұғалім мен оқушылар арасында, оқушы мен оқушы арасында, оқушылар 
топтарының арасында болуы мүмкін. Бұл әдіс оқушы мен мұғалім арасындағы 
авторитарлы стильдегі қатынасты ашық демократиялық стильге түрлендіруге 
мүмкіндік береді. Осындай стильдегі қарым-қатынас оқушы мен мұғалімнің 
шығармашылыққа деген әлеуетін көтереді.
Пікірсайыс әдісінің мақсаты – оқушыларды жан-жағынан сын көзбен 
қарап, орын алып жатқан құбылыстарға өзіндік баға беруге, айналасындағы 
адамдармен еркін қарым-қатынас орнатып, жалпы қоғам өміріне белсенді 
араласуға тарту.
Пікірсайыс әдісі
 
білім беруде жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік 
береді. Пікірсайыс әдісі әңгіме болғалы отырған заттар жайлы белгілі бір 
білімнің болуын талап етеді. Аталмыш заттар жайындағы білімдер жүйелі 
болмаған жағдайда да пікірсайысқа түсу мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда 
пікірсайысқа қатысушылардың белгілі бір жүйелі білімі болады. 
Пікірсайыс әдісін қолданғанда 
 
төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
-
оқушыларда белгілі бір тақырып бойынша жүйелі білім қалыптасады;
-
оқушылар әртүрлі мәлімет пайдаланатын болғандықтан көптеген 
жаңалықтарды тезис түрінде жеткізуге мүмкіндік береді;
-
әрбір оқушы өздігінен жұмыс жасап, оны жеткізу жолын таңдайтын 
болғандықтан оқу процесі бір сарынды емес қызыққа толы, таласты өтеді;
-
пікірсайыс негізінде оқушылар жалпыға ортақ деп танылатын әмбебап
пікірге келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет