272
-
мұғалімнің тәрбиелеудің, оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін
таңдағанда міндетті түрде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке
алуы;
-
мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде жанға жайлы психологиялық ахуал
тудыра алуы;
-
мұғалімнің оқу-тәрбие әдістерін дұрыс таңдай алуы;
-
өз пәні бойынша оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін меңгеруі, оның
қажеттісін өз іс-тәжірибесінде пайдалана алуы.
Мұғалімнің оқытудың қозғаушы тетіктерін тиімді басқаруындағы
технологиялық құзыреттілігіне
жататындар:
-
мұғалімнің өз пәні бойынша оқытудың инновациялық технологияларын
меңгеру;
- мұғалімнің өз пәніне қатысты инновациялық технологияны дұрыс таңдай
алуы;
- мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде инновациялық технологияның рөлі
мен маңызын айқындай алуы;
- мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде оқушының инновациялық іс-әрекетін
жоспарлай алуы.
Достарыңызбен бөлісу: