Олардың негізгілері:
Жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын
іліп әкетеді.
Жобаға қатыушылар оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседі.
Жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны
басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді.
Жобаға қатысушылар өздерін жұмысқа дайындайды, ұйымдастырады.
Жобаға қатысушылар бір-біріне жұмыс барысы туралы ақпараттар беріп
отырады.
Жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады.
Жобалап оқыту мақсаты:
1)
жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше
және ықыласпен оқып үйренуіне;
2)
танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді
пайдалануына;
3)
әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді
игеруге;
4)
зерттеу біліктерін проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау,
тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау, дамытуға пайдалану;
5)
жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |