80
Метаболизмнің
жапы
нәтижесі
бойынша
ПФЖ-ың
тотықтырмайтын сатысында 3 молекула рибулозо-5-фосфаттан
2 молекула фруктозо-6-фосфат және 1 молекула глицеральдегид-3-
фосфат түзіледі. әрі қарай, фруктозо-6-фосфат және глцеральдегид-
3-фосфат глюкозаға айналып кетуі мүмкін.
Осылайша, 5 молекула глюкоза түзілуі үшін: 4 молкула
фруктозо-6-фосфат және 2 молекула глицеральдегид-3-фосфат
немесе 6 молекула рибулозо-5-фосфат қажет болады.
Қорыта
келгенде,
ПФЖ-ың
тотықтырмайтын
сатысы
пентозаларды гексозалардың қатарына ауыстыратын процесс деп
болжауға болады. Осы реакцияның өнімдері фруктозо-6-фосфат
және ФГА гликолизге жұмсалуы мүмкін.
2 молекула ФГА-дан глюконеогенез арқылы фруктозо-6-
фосфат түзіледі. Осындай жолмен 6 молекула пентозо-5-фосфаттан 5
молекула фруктозо-6-фосфат түзіледі. Фруктозо-6-фосфат глюкозо-
6-фосфатизомереза әсерінен 5 молекула глюкозо-6-фосфатқа
айналады.
Глюкозо-6-фосфат
клеткадағы
метаболикалық
жағдайға
байланысты, пентозды циклға жұмсалады немесе гликолиз жолымен
тотығады және дефосфорланып гликогеннің синтезіне жұмсалуы
мүмкін. [2].
Глюкоза тотығуының гликолитикалық
және пентозофосфатты
жолдары бір-бірімен байланысты. Олардың бір қатар ортақ аралық
өнімдері бар.
Ұқсастықтары: екеуі де цитоплазмада анаэробты жағдайда
өтеді және процесс глюкозо-6-фосфаттан басталады.
Гликолитикалық және пентозофосфатты тотығу жолдарының
Достарыңызбен бөлісу: