Егер балаңыздың еңбекқор,енбексүйгіш болғанын қаласаңыз(ал бұл оның өмірде өзінің орнын табуының көзі)мына ережелерді ұстаныңыз:
А)Балаларыңыздың отбасылық жұмыстардың қандай да бір түрінен аулақтатпаңыз.Еңбек дағдысы әдетке айналғанда ғана нәтиже береді.Ондай адам болашақта өз отбасына береке әкеледі.
Б)Отбасы мүшесінің іс-әрекетіне ешқашан жаман баға беріп, кемсітпеңіз, қолдап, ынталандырып отырыңыз.жасаған еңбегінен рақат сезімін алу баланы шығармашылыққа әкеледі.
В)Үйдегі болған келеңсіздікті ешкімге айтып жаймаңыз,жанұяның әр мүшесінің беделіне,жақсы атына нұқсан келтірмеңіз.“Жаманын жасырып...)
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйыктық, өз ойына шомуға бейім тұрушылык, орынсыз ибалылық — осы темпераменттің ең бір нашар жағы.
Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, түрақты, ширак тип ойнақы, еті тірі, бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды. Былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның кемшілігі — іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалгыштығынан туатын жайттар
Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмакты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртка шықпайды десе де болады. Осы темпераменттін бір кемшілігі — қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірак мұнын ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын касиет болып табылады.
И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіпе тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы, қимыл-козғалысқа шапшаң келеді. Олар — ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұркыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар — холерик темпераментінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.
«Бәйтерек» тренинг
Каталог: download -> versionversion -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігіversion -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңылversion -> Абылай ханversion -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігіversion -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауыversion -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңылversion -> Mұхтар Омарханұлы Әуезовversion -> ТҮркістан қаласыversion -> Абай Құнанбайұлыversion -> Міржақып Дұлатұлы
Достарыңызбен бөлісу: |