Жетінші деңгей. Уақытқа талдау: а) Өте жылдам – 3 минутта; ә) Жылдам – 5 минутта; б) Баяу – 7минутта. Бүгінгі қоғам автоматтандыру кезеңінде өмір сүріп жатыр. Сондықтан білім беруде де жылдамдық, қарқынды оқыту, техникалық, аудио-видео құралдарды кеңінен қолдану өріс алуда. Бұл тұста да халқымыздың біртуар азаматы Ж.Аймауытовтың дидактикалық ұстанымдарына жүгінеміз: “Оқыту жігерлі болсын, жігерсіз, жосық жұмыстан жайда да, бала оқытқанда татымды береке шықпайды. Әсіресе бала оқыту жұмысы ширақ, жігерлі, қызу болғаны дұрыс. Оқыту баланың ішін пыстырмаса, тез қажытпаса оқушы жұмысты ынтамен істесе, оқытудың ширақ болғандығы. Баланы қажытпау үшін берілетін мағлұматтар, ұқтырмайтын заттар алмасып отыру керек. Мұғалімнің басқасын кешуге болса да, баланы болжырап, еңсесі түсіп оқытқанын кешуге болмайды. Жігерлі болу – мұғалімнің сүйегіне біткен сипаты. Туыста жігерсіз, отсыз мұғалім сыртқы түрінде қандай оңтай, қандай әдіс қолданып оқуын түрлендірем дегенмен мәз береке шықпайды. Үйтсе де, оқытудың әдістерін дұрыс қолданса, сабақты едәуір ширатуға болады. Сондықтан мұғалім сөзін де, сыртқы әдістерін де сабақты қыздыру жағына орайлау тиіс. Мұғалімнің есінде болатын нәрсе, өтінумен, жалынумен яки күшпен баланың мінезін тәрбиелеу мүмкін емес. Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында ғана жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуаттарын жетілтіп, тәрбие де бере алмайды”.